Steppe Games & Steppe Rider: қазақ тілін үйренудің жаңа толқыны

Выпуск - №9(705)   :   05.03.2026
1106

image

Қазақ тілін үйрену оқулықтар мен сабақтардан – цифрлық ойын әлеміне енді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің тапсыры бойынша «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан әзірлеген Steppe Games және Steppe Rider қосымшалары соның дәлелі.

Жаңа заманның балаларын қызықтыра білген Steppe Games қосымшасы – қазақ тілін ойын форматында үйрететін платформа. Мұнда тілдік тапсырмалар, сөздік жаттығулар мен диалогтарды оқу ойын түрінде жүзеге асады. Пайдаланушы әр тапсырманы орындаған сайын ұпай жинайды, деңгейлері өседі және қызықты ойын элементтері арқылы мотивация алады. Бұл әдіс, әсіресе, жас қолданушылар мен ойын арқылы білім алуға бейім жасөспірімдер үшін тиімділігі тәжірибе жүзінде байқалды. Steppe Rider – қазақ тілін үйренуді мобильді қосымша арқылы тәжірибелік форматқа шығарды. Қолданушы виртуалды әлемде қазақ тілін қолдануға міндеттеледі. Диалогтар жүргізу, сөздік қорын кеңейту, тіпті қазақ тілінде тапсырмаларды орындау арқылы ойын сюжетінде алға жылжиды. Осылайша, тіл үйренушілер тек білімді меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде қолдана алады.
Осы аталған қосымшалардың тағы бір ерекшелігі – қазақ мәдениетімен таныстыру. Мысалы, тапсырмаларда дәстүрлі мерекелер, ұлттық тағамдар, халық салт-дәстүрлері және атақты тұлғалар туралы ақпарат беріледі. Мұндай контекст арқылы тіл үйренуші сөздерді және сөйлемдерді нақты мәдени мәнмен байланыстырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бейімделген бірегей жоба. Ойын формасында оқыту когнитивтік дағдыларды, есте сақтау қабілетін және тіл үйренуге деген мотивацияларын арттырары сөзсіз. Білім алушылар қосымшаларды жүктеп, қызыға қолдануда. Қазақ тілін Steppe Games және Steppe Rider арқылы үйрену – ойын мен ойлауды біріктіретін, жастарды ұлттық мәдениет пен құндылықтарға баулитын инновациялық құрал болып отыр. Бұл жоба білімді әлемдік деңгейде, ал тәрбиені ұлттық деңгейде дамытуға бағытталған стратегиялық қадам деп бағалаймын.

Ақбота ЕРМАГАНБЕТОВА,
№17 жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
гуманитарлық ғ.м., педагог-зерттеуші,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.