Оқу бағдаламасында әрбір пәннің маңызы зор. Дегенмен, функциялық сауаттылықты қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты.
Ол оқу қазақ тілінде жүретін бастауыш сыныптарда қазақ тілін меңгертуге қатысымдық, дара тұлғаға бағдарлай оқыту және сұхбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын жағдаяттық, рөлдік ойын, шығармашылық тапсырмалар түрінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты, қазақ тілі сабақтарында «Ойлан, жұптас, бөліс», «Инсерт», «Синквейн», «Кластер», «Ми шабуылы», «Венн диаграммасы» және т.б. стратегияларды қолданып жүрмін.
Сабақ басында оқушылардың қызығушылығын арттыру және өткізілген тақырыпты қайталау мақсатында сөзжұмбақ беріп, «Таза тақта», «Мюссенберг әдісін» қолданып, сауалдың басты сөзі арқылы сабақтың тақырыбын анықтауға болады. Сонымен қатар, сабақта кластерді толтыру, әңгіме тізбегін ретімен құрастыру, диалогті әңгімелеу сияқты тапсырмалар беріледі. Осы кезеңде «Сұрақтар жаңбыры» жаттығуын да өткізуге болады. Ал, сабақтың негізгі бөлімінде «Коллаж әңгіме», «Тізбектер», «Әңгіме тізбегі» стратегияларын қолданған тиімді.
Қорытынды бөлімде «3 сұрақ», «Менің сөзім», «Шеринг», «Ойды аяқта», т.б. стратегияларды рефлексия жасауға, білім алушылардың тақырып бойынша білімдерін бағалау, сабақта өткен материалдарды қорытындылау үшін қолданамын. Мысалы, «Шеринг» стратегиясы бойынша барлық оқушылар шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша негізгі ойды қорытындылайды. Осы стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың теориялық материалдардан білім алу үдерісі жеңілдетіледі.
Айгүл ЖАУКИНА,
Әулиекөл бастауыш
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.