Заманауи мұғалім қандай болмақ керек?

Выпуск - №46(493)   :   29.11.2021
408

Әр баланың көкірегінде маздаған білімін жетілдіру жолында ұстаздар қауымы үнемі қызу жұмыс жүргізіп жатады. Болашақтың ертеңін қалыптастыратын жастардың санасындағы негізгі іргетасын қалаушы жаңашыл мұғалім десек ләзім.

Парасаты мол, білімді шәкірт дайындауда жаңашыл педагог жаңартылған бағдарламалардың қыр-сырын түйсіне отырып, оның инновациялық ұғымдарын пайдалану арқылы білімін жетілдіреді. Сол білім нәрін сусындатқан шәкірттері үшін, әрі сапалы білім беруде, әрі шығармашылық ізденісте қойылатын талаптарымен бірге үндесе отырып, жұмыс істейді. Шәкірттерінің білімді қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың жұмыс істеу дағдысын дамыта отырып, шығармашылық белсенділіктерін арттыруда еңбегі зор.

Жаңашыл мұғалім өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заман талабына сай табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді маман, санатты ұстаз ретінде танылуы қажет. Демек, ең мәртебелі тұлға ретінде оқушыларына жаңа үлгідегі білім беріп, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруға жол көрсетеді.

Жаңа ғасыр білімі деген – батыл санауға болатын инновациялық креативті білім беру болса, жалпы мектептерде оқыту – шығармашылық жұмыстың сапасын анықтап, жаңаны танып, оны жасауға бейімделу барысында танылатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттайтын интеллектуалдық үрдіс болып отыр. Дегенмен, жаңашыл мұғалімнің шығармашылық дамуы – нағыз жүктелетін міндет. Осы турасында шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы шығармашылық даму тұлғасы ретінде өркендеуіне жол ашылып жатыр.

Шығармашылық қызметінің дамуындағы жаңа парадигма – жаңа өркениеттік бағдардағы мемлекеттік стандарттарға сай, жан-жақты дамып, тұлғаны қалыптастыруда бағыт алған, инттеллектуалды ізденіс және инновациялық тәжірибедегі ғылыми-әдістемелік жұмысының жүйесін ұғына білген тұлға, жаңашыл мұғалім болып саналады. Осы тұрғыда жаңа формациядағы мұғалімнің шығармашылығының дамуын жүйелеуге болады. Бұрынғы мен қазіргі жаңа парадигмалардың айырмашылығын меңгерген жаңа заман мұғалімі әрдайым шығармашылық іденіс үстінде болғаны абзал. Жаңа формациядағы мұғалім қандай шығармашыл болса, оның оқушылары да сондай болып қалыптаспақ.
Жаңашыл мұғалім ақпарат береді, бақылайды, тексереді, заман талабына сай жаңа тұлғада шығармашыл, ізденуші, зерттеуші, технолог және өнертапқыш болуымен танылады. Сондықтан шығармашылықтан шәкірттің жүрегіне ұялататын терең білім беріп, ертеңгі ұрпақтың жеке тұлға ретінде өзіндік көзқарасының қалыптасуын, қоршаған ортамен санасуына ықпал етері сөзсіз. 1971 жылы ғалым Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсеткен.

Мысалы, сабақта диалогтық оқыту бойынша топтық әңгімелесу түрін қолдансам, оқушылар өзара сөйлесіп, пікір алмасып, көзқарастарын дәлелдеуге үйренеді. Сол арқылы бір-бірін тыңдап, пікірлерін еркін білдіріп, ойларын ашық жеткізе білуге үйретуді мақсат еттім. Оқушылар жеңілден ауырға қарай бағытталды. Жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін Блум таксономиясы шыңдауға жол салады. Аталған әдістің нәтижесінде оқушылардың ой ұшқырлығы, сезгіштік, жаңаға ұмтылу, күмәндану, сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттері жетіледі. Демек Блум таксономиясы – оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден-бір жолы.

Жаңа формациядағы ұстаз осы қырларын түсінгені абзал. Ал атақты ғалымдар Мерсер мен Ходжкинсон оқушыларды сыныпта талқылауға тарту оларға өз түсінігін көрсетуге, әр адамның өзіндік пікірлері барын түсінуге мүмкіндік беріп, өзгенің ойына құрметпен қарауға үйретеді. Сабақтарда оқушылардың білім деңгейіне сай келетін сұрақтар мен қызығушылығын арттыру мақсатында болжау стратегиясын қолданған едім. Сурет беріліп, сол бойынша көптеген талқылаулар, әдетте, бірқатар әңгіме түрлері құралады. Мерсер ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болатынын атап өткен.

Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осылай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Сабақта жаңа формациядағы мұғалім шығармашылығына сай, өз ісінің шебері болып көрінеді. Осы әдіс-тәсілдерге сүйенуден менің сабақтарым әсерлі және мазмұнды болып келеді. Итальяндық дәрігер-психолог Мария Монтессори баланың табиғи мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін басып-жаншымай, керісінше, оның өз бетімен дамуына жағдай туғызуымыз керек, бұл істе мұғалім тек бағыттаушы екенін айтады.

Осы бір сөздің тобықтай түйіні бар екенін түсіне келе, әлі де іздене түссем, педагогиканың шыңына жетерлік құпиялар бар екеніне көзім жетті. Өйткені, әр әдіс-тәсілдердің терең құндылығын түсініп-білмей, өзін «жаңа формациядағы ұстазбын» деп ешкім айта қоймас. Жаңашыл мұғалімнің еңбек жолында шығармашылық дамуы үлкен ізденісті талап етеді.

Күлбаршын КУСЕКЕНОВА,
№25 НОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.