
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру» жөнінде айтылған.
Сонымен қатар, мектептерде оқытушылар жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша түрлі іс-шаралар өткізіп жатыр. Біздің Лисаков қаласындағы №6 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет ұжымындағы мұғалімдерге арналған «Сабақтың жоспарлануы оқытудың нәтижелігіне қалай әсер етеді?» тақырыбында коучинг өткізілді. Оның авторы – қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г.С. Мәмелбаева.
Көп жыл өтілдері бар ұстаздар бір-бірімен өз тәжірибесінен алынған үлгілермен, сабақтағы өте жақсы қолданып жүретін әдіс-тәсілдермен бөлісті. Тақырып бойынша өз үлесін қосқан қалалық бірлестігінің жетекшісі З.Т. Темірбаева және Қ.Д. Сатыбалдина «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» курсында білгенімен бөлісті.
Мұғалімдерге қысқа мерзімдік жоспарды әзірлеуге көмек беру, сабақты жоспарлау ерекшеліктерімен таныстырып, сабақ құрастырғанда бірқатар мәселерді ескерту деген мақсаттар қойылған. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша сабақтың жоспарлануына мән берілед, қысқа мерзімдік жоспар мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтары көрсетілді. Өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады.
Әр мұғалім өзінің алдына қойылған мақсатын түсінуде. Оқытушыларға қолдау көрсетіп отырған Мемлекет басшысы өз Жолдауында мұғалімдердің мәртебесі туралы заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін тапсырды. Бұл заң ұстаздар қауымына өте қажетті және маңызды құжат.
Гүлсара МӘМЕЛБАЕВА,
№ 6 ОМ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,
Лисаков қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.