Жас ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар жүйесі

Выпуск - №10(607)   :   15.03.2024
884
2

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерден кейін, бізді ұлт ретінде ұйыстыратын құндылықтар қажет екенін атап өтті. Соның негізінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» әзірленді.

Ұлтын сүюдің, оған қызмет етудің үлгісіне айналған қазақ даласына білім шырағын жаққан Ыбырай Алтынсариннің, данышпан Абай Құнанбайұлының, қазақ тәрбиесі арқылы олардың рухани жолын жалғаған Алаштың ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды тұлғалардың еңбектерінен адамдық борыш пен парыз, өрелі ой, философияық мән, өрісті тұжырым – біртұтас тәрбиенің көрсеткіштері.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсат-міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Бүгін мен өз білім беру ұйымымызда жасалып жатқан бірқатар жұмыстарды ұсынамын.
Кемеңгер Ы.Алтынсариннің білім жүйесін және «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге ала отырып, оны бейімдеп, табысты мектеп жолында «Тағылым» сүлбесін әзірледік. Бұл модельді жасауыма сеп болған да осы жоғарыда атап өтілген бағдарлама. Ұлы педагогтің патриотизмді этноөңірлік бірегейлік, этномәдени бірегейлік, ұлттық құндылықтар, ұлттық қазына тағылымды тәрбие көзіне жетелейді. Өз елінің патриоты болу білім ошақтарында яғни мектептерден бастау алатыны сөзсіз. Қоғам дамыған сайын, кемелдену мен қатар сұраныстың да артатыны анық. Бұған бізді бүгінде әлемдік тәжірибе дәлелді дәйегімен көз жеткізіп отыр.

1

Озық дәстүрлерді, адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, жұмысында біртұтас тәрбие басымдық береді. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді қастерлеу деген асыл ұғымға келіп саяды. Оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру – барлық пәндердің үлесінде. Негізінде өрен жастың өсу жолындағы ең құдіретті күш – оқу, білім теру, іздену, ғылымды зерттеу. Кемел ой иесі Ыбырай атамыз айтқан – үнемді болу, еріншек болмау, білімге ұмтылу, ізгілік қасиеттерді бойға сіңірту.
Ұлттық құндылықтар, ұлттық код – рухани біліктілігіміз. Болашаққа қандай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз? Ұлттық құндылық, код дегеніміз – даналарымыз әл-Фараби, Абай, Ыбырай, Жамбыл, Шоқан деп білеміз. Өйткені, бұнда намыс, пәлсапа, ғылым мен білім жатыр. Абай атамыздың 5 асыл ісі – ұлт ретіндегі өзгешелігіміз. Ұлттық болмысымызды сақтай отырып, сипаттарымызды өзгерту. Біздің қоғам және біз туралы пікірі. Бұл жерде кез келген оқушы алтын ұя мектебімен, кіндік қаны тамған туған жерімен біте қайнасуы керек.
Би-аға атындағы мектеп-гимназия құндылықтарға сай безендіріліген. Мектептің миссиясы, мақсаты, міндеті, келбеті, символикасы – білім мен тәрбие бағытын айқындайтын орта. Санаға ізгіліктің дәнін еккен шоқтығы биік тұлғалардың өнегелік, нақыл сөздерін түстер палитрасы арқылы жағымды әсер ете аламыз. Тәрбие құндылықтарын дарытуда әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға білім алушыларды тарту маңызды. Себебі, тәрбие бағытындағы жобалар жас ұрпақты, қоғамды дамытуға және оған оң үлес қосуға бағытталған іс-шаралардан тұрады.
Жобалар білім алушылардың сыни ойлауын, эмпатиясын және қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Осы ретте «Домбыра-дастан» үйірмесіне қатысушылар саны – 15 болса, бүгінде олардың саны 53-ке жеткенін байқаймыз. Домбыра тартудан өткен челленджге де екі жүзден астам оқушы қатысты. Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін «ТазаLike», «Экоша», «Экоеріктілер», «Туризм», «РОБОБАЛА» жобалары жұмыс істейді.
Еңбекқорлыққа тәрбиелеу үшін келесі жобалар ұсынылады: «АРТ» студия, «Шебер қолдар», «Менің стилім». Ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды жетілдіру үшін «Ақберен», «Алтын қалам», «Тарихқа тағзым», «Ділмар», «Ғазиз ана», «Сырғалым», «Қазақшаңыз қалай?», «Тағылым», «Темірқазық», «Дарабоз», «Адам ізі» жобалары, саламатты өмір салтын нығайтуға бағытталған «Шынықсаң шымыр боларсың», «Қазан доп», «Спорт және мен», «Көз мерген», «Бестас-шекемтас» жобалары жұмыс істейді.
Ұсынылған жобалар шеңберінде түрлі байқаулар өткізумен қатар білім алушыларға театрға, мұражайға, сонымен қатар киелі орындар мен кесенелерге экскурсиялар ұйымдастырылды. Нәтижесінде Кейкі батыр кесенесіне, Қарт Торғайдың мұражайлар кешеніне, найзаның ұшы, білектің күшімен еліне қорған болған батырлар Шақшақұлы Жәнібек пен Нұрхан ақынның күреске толы өмірі жайлы біліп, тағзым етілді. Ұлтты оятқан Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ахаңа тағзым» ғылыми-танымдық экспедициясы нәтижесінде эссе жазып, қалалық деңгейде «Құрметке Like» форумы өткізілді.
Оқушыларды көркемөнерге бейімділігін дұрыс пайдалана білуге үйретіп, сәндік-қолданбалы өнер туындылырының эстетикалық маңыздылығын ашып отыру бағытында: «Ұлттық спорт: дәстүрлі садақ ату», «Гимнастика сәтті жұлдыз», «Ділмар» дебат үйірмесі, «Шабыт», «Шұғыла» би үйірмесі, «Жас медиа» журналистер клубы сынды жұмыстар жүргізіледі. Адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі – кітап оқу. Мектебімізде 2012 жылдан бері әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі, жұма күндері оқушы қауым, барлық қызметкерлерге 15 минуттық әдебиеттік оқу өткізіліп келеді. Сондай-ақ, білім алушылар дүйсенбі және сейсенбі күндері «Қара жорға» биін билейді.
Ұрпақ тәрбиесі – болашақ қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, кәсіпке икемді, ақыл-парасаты мол, мәдени ой-өрісін озық етіп тәрбиелеу – мектеп пен ата-ананың қоғам алдындағы борышы. Шынымен де біртұтас тәрбие бағдарламасы ұлттық құндылықтар, ұлт қазынасы, тәлімдік-тағылымдық тәрбие негіздерінің тереңінде жатыр. Қазақтың дала бесіктегі тәрбиесінен біртұтас тәрбие жасаудың бұдан артық үлгісі бола ма? Ал, біз жас ұрпаққа өнегелі істерімізбен үлгі болып, арлы, адал, жасампаз азамат етіп тәрбиелеуіміз керек!

Қымбат БІРМАНОВА,
Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның директоры,
Рудный қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.