Қазіргі заман – технология мен цифрлық құралдардың ғасыры. Білім беру саласы да бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ. Заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерген педагогтер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың тың жолдарын іздеп табуда.
Осындай жаңашыл жобалардың бірі – Қостанай қаласындағы қос ұстаздың бірлескен еңбегінің нәтижесінде дүниеге келген ерекше туынды – Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасы негізінде жасалған комикс. Бұл жобаның авторлары – №17 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Акбота Ермаганбетова мен №1 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Рахимова. Олардың айтуынша, бұл комикс оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, мәтіндік және визуалды қабылдауды ұштастыра отырып, шығарманың мазмұнын терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Акбота Жаналыковнаның бұл бағытта тәжірибесі бар. Айтуынша, комикс форматын сабаққа енгізу ісін 2019-2020 жылдары бастаған. Ол Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала», Асқар Алтайдың «Прописка», Қорқыттың «Бамсы-Байрақ» жыры, Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы, Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» және Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» секілді шығармаларына арналған комикстерді әзірлегенін атап өтті. «Шұғаның белгісі» туындысына жасалған комикс – соңына дейін жетілдірілген, тыңғылықты еңбектің жемісі.
– Бүгінгі күні балаларды көркем шығармаға қызықтыру оңай емес. «Нені оқытамын?», «Қалай қызықтырамын?» деген сұраққа жауап іздеген сәтте, комикс жасау идеясы келді. Бұл тек оқыту әдісі емес, шығармашылық ізденістің нәтижесі, – дейді жасампаз ұстаз Акбота Ермаганбетова.
Ерекше атап өтерлігі – комикс жасанды интеллектінің көмегімен жасалған. Ұстаздар QazGPT платформасын қолданып, әдеби мәтінге негізделген көріністерді визуалды түрде бейнелеуге тырысқан. Егер бұрын олар Canva сынды бағдарламалармен шектелсе, соңғы уақытта жасанды интеллекттінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып келеді. Алайда, қазақы болмыс пен ұлттық нақышты жеткізу үшін қосымша редакторлық жұмыстар да қатар жүргізілген. Мұның бәрі – үлкен еңбектің, шығармашылық ізденістің және табандылықтың нәтижесі. Әдеби туындыны заманауи форматта ұсыну – бүгінгі педагогтің басты міндеттерінің біріне айналып отыр.
Жаңаша форматтағы жобаны көпшілікке таныстыру мақсатында Қостанай қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектепте 9-сынып оқушыларының қатысуымен арнайы көрсетілім сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында комикс – оқу құралы ретінде ғана емес, терең талдау мен шығармашылық жұмыс жүргізудің тиімді тәсілі екені айқын көрінді.
– Сабақ барысында стоп-кадр әдісімен композициялық талдау жүргізілді, кейіпкерлерді есте сақтауға бағытталған үстел ойындары ұйымдастырылды, тақырыптық сұрақтарға қазақ және орыс тілдерінде жауап берілді, АКТ құралдары да кеңінен қолданылды. Сонымен қатар оқу мақсатына сай әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру жұмысы жүргізіліп, Николай Карамзиннің «Бедная Лиза» шығармасымен салыстырмалы талдау жасалды. Бұның өзі оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға әрі жобалық қызметті дамытуға үлкен әсерін тигізері сөзсіз, – дейді Акбота Жаналыковна.
Комикс – көпшіліктің ойындағыдай тек ойын-сауық құралы емес. Бұл жоба көркем әдебиеттің де, оқытудың да жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Суреттер мен диалогтар арқылы оқушылар кейіпкерлердің жан дүниесіне үңіліп, шығарманың идеялық мазмұнын тереңірек түсіне алды. Әр көрініс пен әр бейне оқиғаның драмасын, кейіпкерлердің ішкі сезімдерін, шығарманың негізгі мағынасын дәл жеткізуге бағытталған.
Сабаққа қатысқандардың бірі – 9 «Ә» сынып оқушысы Жанель Бисенова бұл туындының өзектілігіне ерекше тоқталды: «Менің ойымша, бұл шығарма әрдайым өзекті болады. Себебі ол қыз тағдырын баяндайды. Бүгінгі күні де, болашақта да өз маңызын жоғалтпайды. Мені ерекше толқытқан сәт – Әбдірахманның Шұғаның соңғы хатын оқыған тұсы...», – деді ол. Ал оның сыныптасы Мағжан Қуанышбек комикстің оқуға жеңіл әрі қызықты болғанын айтты: «Комикс арқылы шығарманы ықшам әрі көрнекі түрде оқу өзім үшін әлдеқайда тартымды болды. Шұға – бай отбасынан, Әбдірахман – қарапайым мұғалімнің баласы. Сондықтан Шұғаның әкесі олардың қосылуына қарсы болды. Меніңше, әр адам өз таңдауын өзі жасауы тиіс», – деп өз ойын білдірді.
«Шұғаның белгісі» комиксі – үлкен шығарманы ықшамды түрде, заманауи жастарға қызықты форматта жеткізуге бағатталған алғашқы сәтті қадам. Бейімбет Майлиннің мерейтойына орай, Б.Майлин ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен және меценаттардың қолдауымен аталмыш комикс 166 данамен жарық көріп, оқырмандарға жол тартты. Қалған комикстер әзірге плакат түрінде шығарылған, толыққанды кітапша форматында басып шығару үшін қосымша қаржылай қолдау қажет.
Акбота Ермаганбетова мен Эльмира Рахимова бұл істі бір реттік бастама деп қарастырмайды. Керісінше, қазақ әдебиетінің өзге де классикалық туындыларын осылай жаңаша форматта ұсыну арқылы, оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін жаңа қырынан оятуға ниетті. Бұл – оқыту әдісін жаңғырту ғана емес, ұлттық мұраға деген құрметті заманауи тілде жеткізудің жолы.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!