Колледжде «Мистер және Мисс» анықталды

Выпуск - №43 (490)   :   05.11.2021
319

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде күз мерекесіне орай білім алушылардың білімділік және шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында «Мистер және Мисс» байқауы ұйымдастырылды.

Жас дарындар өнерлерін көрсетіп, өзара бақ сынасты. Байқау «Таныстыру», «Пародия», «Күзгі ас мәзірі» және «Сиқырлы әріптер» атты 4 кезеңді қамтыды. Жалпы сайыста 12 жұп өнер көрсетті. Атап өтер болсақ: БМ-13 тобынан Айсауле Жантулина мен Ислам Батырхан; БМ-42 тобынан Нұржан Мамбетов пен Сабина Саруарова; Муз-1 тобынан Нұрсая Амандық пен Әділхан Қожанов; МД-21 тобынан Нұрсат Теміржанов пен Жанбота Байтұрғанова; МД-42 тобынан Жәнібек Жүнісбек пен Таңшолпан Марат; БМ-12 тобынан Айда Жақсылық пен Мұхаметқали Искаков; БМ-22 тобынан Қызғалдақ Жаңбыршы мен Нұрхан Махатов; БМ-32 тобынан Мади Самат пен Айым Тойшубекова; БМ-21 тобынан Аружан Толеуова мен Дәулет Нұржан; МД-31 тобынан Бақытжан Қуаныш пен Аруна Бекқасым; БМ-11 тобынан Манас Сейтқұл мен Аружан Сайлаубай және ДМ-21 тобынан Қажымұрат Жалғасбай мен Әсем Хасен.

Үміткерлер әр кезеңге жоғары деңгейде дайындықпен келген, өзара ауызбіршілігі мен ізденістерін байқауға болады. Мәселен, алғашқы кезеңде жұптардың таныстыруы дәстүрлі түрде емес, бейнебаян түрінде көрініс тапқан. «Пародия» бойынша жалынды жастардың көрерменге ұсынған жаңалығы көшілікті таңдай қақтырды. «Сиқырлы әріптер» кезеңі қиыннан қиыстырылған сұраққа қызықты жауап беруімен ерекшеленсе, «Күзгі ас мәзірінде» қатысушылар тапқырлығымен, әсемдікке жақындықтарымен тағы бір мәрте қуантты. Заман сұранысына ие «fast food» өнімдері, әртүрлі дәмдер аздаған минутта дайын болды.

Сайыс соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлхашима Оразова қорытынды сөз сөйлеп, тартысты сайыстың нәтижесін жариялады. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, қазылар алқасының шығарған шешімі бойынша Бас жүлдеге Аружан Толеуова мен Дәулет Нұржан, І орынға Айда Жақсылық пен Мұхаметқали Искаков және Нұржан Мамбетов пен Сабина Саруарова, ІІ орынға Айсауле Жантулина мен Ислам Батырхан және Жәнібек Жүнісбек пен Таңшолпан Марат, ал ІІІ орынға Қажымұрат Жалғасбай мен Әсем Хасен және Қызғалдақ Жаңбыршы мен Нұрхан Махатов жұптары ие болды.

Ниязбек ОРАЗОВ,
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.