«Ұлағат» студенттік қоғамы – ғылымға құштар жастардың ордасы

Выпуск - №38(686)   :   10.10.2025
261

2

Биылғы 2025-2026 оқу жылында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Ұлағат» ғылыми студенттік қоғамының жаңа маусымы өз жұмысын бастады. Бұл – колледж студенттері мен оқытушыларының бірлескен ерікті шығармашылық бірлестігі.

«Ұлағат» ғылыми қоғамы – білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға, зерттеу және талдау дағдыларын дамытуға, сонымен қатар ғылыми мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Колледжде студенттердің зерттеушілік әлеуетін арттыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

1


Ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің: «Ғылым – адам өміріндегі ең қызықты, ең әдемі нәрсе», – деген сөзі қоғамның қызметіне ерекше рух береді. Ғылыми-студенттік қоғам жиналыстарында оқытушылар мен студенттер тың да креативті жұмыс форматтарын пайдалана отырып, білім алушылардың қызығушылығын арттырып, ғылыми ізденістерге ынталандырады. Өткен айдағы алғашқы отырысқа колледж оқытушылары, қоғам белсенділері және бірінші курс студенттері қатысты. Жылы әрі достық атмосфера орнаған кездесуде жаңа студенттер белсенділермен және ғылыми кеңес мүшелерімен ғана емес, қоғам жұмысының бағыттарымен де танысты.
Биылғы оқу жылында қоғамның ғылыми кеңесіндегі колледж оқытушылары: Мухамеджарова Тамаша Залеловна (шет тілдер кафедрасы), Ткаченко Татьяна Евгеньевна (филология кафедрасы), Брахметова Анар Аскарбековна (жаратылыстану-гуманитарлық кафедра), Тулегенова Наталия Александровна (дене шынықтыру кафедрасы), Тулепбаева Жулдызай Сабиевна (музыка және сәндік қолданбалы өнер кафедрасы), Елеусизова Диана Аллабергеновна (математика және ақпараттық технологиялар кафедрасы), Николаева Юлия Валерьевна (педагогика және психология кафедрасы), Борский Михаил Юрьевич (хореография кафедрасы) және Кенжесариева Фариза Ариповна (мектепке дейінгі оқыту кафедрасы). Қоғамның белсенді студенттерінің қатарында –Алан Кусаинов (Ир-41 тобы), Айғаным Амиргали (Ак-31 тобы), Альбина Майбасова (Ик-31 тобы), Камила Дущанова (У-31б тобы) және Гүлназ Атымтай (Ак-31 тобы) бар.
Отырыстың маңызды тармақтарының бірі – жаңа төрағаны сайлау болды. Бұл қызметке Кусаинов Алан мен Амиргали Айғаным үміткер ретінде ұсынылды. Әр үміткер бағдарламасын таныстырып, ғылыми қоғамның дамуы мен студенттерді зерттеу жұмыстарына тарту жөніндегі жоспарларын ортаға салды. Ашық әрі әділ дауыс берудің нәтижесінде 2025-2026 оқу жылының төрайымы болып Айғаным Амиргали сайланды. Кездесу студенттердің ғылыми-ізденіс жұмысына деген қызығушылығын арттырып, қоғам белсенділерінің жас буынға деген сенімді қолдауын көрсетті.
«Ұлағат» – ғылымға деген құштарлық пен ізденісті нығайтып, колледждегі зерттеушілік мәдениетті дамытудың маңызды орталығы болып қала береді. Мұнда әр студент өз идеяларын жүзеге асырып, ғылым жолына алғашқы қадам жасайды. Қоғамның ең басты мақсаты – білім алушылардың бойында зерттеушілік ойлау мәдениетін қалыптастырып, жетістіктерге жетелеу. Алдағы уақытта «Ұлағат» мүшелері түрлі ғылыми жобалар мен конференцияларға қатысып, өз еңбектерімен колледж абыройын арттыра бермек.

Мөлдір ҚАСҚЫРБАЕВА,
Қостанай жоғары
педагогикалық колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы,
колледж әдіскері

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.