«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балабақшамызда балалардың рухани және мәдени дамуына басымдық беріліп, эстетикалық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінуде. Оның ішінде қазақтың күй өнері арқылы мәдениетіміздің қыр-сырын ұғындыру айрықша мәнге ие.
«Құлақтан кіріп, бойды алар...», – деп Абайша айтсақ, күйдің әуені баланың жүрегіне терең бойлап, оның жан дүниесін нұрландырып, сезімін баурап алады. Балабақшада күй тыңдау – бұл тек музыкалық тәрбие ғана емес, рухани азық, ұлттық мұраны болашақ ұрпаққа жеткізудің бір жолы. Күйдің күмбірі балалардың қиялына қанат бітіріп, әлемді тереңірек түсінуге ықпал етеді. Әр күйдің ішкі әуезі мен ритмі баланың көңіл-күйін айқындап, ойлау қабілетін дамытады. Сол себепті, күй – балабақшадағы тәрбие процесінің ажырамас бөлігі болып, балаларды мәдениетке, өнерге, ұлттық болмысты бағалауға тәрбиелейді.
Балабақшадағы музыкалық тәрбие бағдарламасы тәрбиеленушілердің ән айтып, би билеуімен шектелмейді, күй мен музыка арқылы баланың жан дүниесін байыту, ұлттық болмысын тереңірек түсіндіру басты назарда. Расында да, күй тыңдағанда баланың ішкі әлемі жаңғырады, тыңдай отырып, олардың музыкалық қабылдауы мен ырғаққа деген сезімталдығы дамиды. Одан бөлек, балаларға күйдің авторы, шығу тарихы, мазмұны мен музыкалық ерекшеліктері туралы айтып, әрбір күйдің артында тұрған терең мағынаға үңіліп, қысқаша түсінік береміз.
Балаларға әр күйдің тарихын ұсынғанда, оны қызықты аңыздармен, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен байланыстыра жеткізу олардың есте сақталуына, қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Мысалы, «Әлқисса» күйі «бастау» деген мағынаны білдіреді және күй өнерінің алғашқы қадамдары туралы түсінік береді. «Көңіл ашар» күйіне келер болсақ, атауының өзі балалар үшін тартымды, себебі көңілді әуенімен тыңдарманын елітіп әкетер күшке ие. Ал, аңызға толы «Ақсақ құлан» күйі балаға халық тарихындағы оқиғаларды жеткізе алады. Дәулескер күйші Құрманғазы «Балбырауын» күйін халқының жайдары сәттеріне арнаған. Яғни, оны балаларға қазақ даласының табиғаты мен жайлаудағы өмірді суреттейтін шығарма ретінде айтып беруге болады.
Осылайша, музыканы тек тыңдатып, мағынасына үңіліп қана қоймай, балаларға оны өздері орындайтын, сезінетін деңгейге жеткізу – басты мақсатымыз. Бұл бағытта ұлттық ойындарды күймен байланыстыра отырып, нәтижесінде олардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырамыз. Сонымен қатар, балалар оркестрін құрып, оларды күй орындауға тарту да ерекше маңызды. Оркестрде күйді орындау барысында әр баланың музыкалық дағдыларын дамытуға, топтық жұмыстың маңыздылығын меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді.
Балалар түрлі күйлерге сүйенген музыкалық ырғақты жаттығулар мен қимыл-қозғалыстарды орындап, күймен үйлесімді би қимылдарын жасауды үйренеді. Мұндай жұмыстар, әсіресе, дене тәрбиесі мен шығармашылық сабақтарында тиімді. Балалар таңертең оянған кезде, серуенде жүргенде, тіпті ұйықтар алдында да күйдің үнін тыңдап, оның әсерін сезінеді. Сондықтан, күй өнерін бала тәрбиесіндегі маңызды құрал ретінде қарастырған жөн. Бұл баланың мәдениетке, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, оның ұлттық болмысын тереңірек түсінуіне мүмкіндік туғызары сөзсіз.
Амина УРАЛБАЕВА,
№16 бөбекжайдың музыка жетекшісі,
Қостанай каласы
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!
Мир, в котором живет человек, зависит прежде всего от того, как его данный человек понимает, а следовательно, от свойств его мозга: сообразно с последним мир оказывается то бедным, скучным и пошлым, то наоборот, богатым, полным интереса и величия.
Умный человек и в одиночестве найдёт отличное развлечение в своих мыслях и воображении, тогда как даже беспрерывная смена собеседников, спектаклей, поездок и увеселений не оградит тупицу от терзающей его скуки.