Әртүрлі ұлттық, қимылды, ойындарға қызығушылыққа баулу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» республикалық байқауы өткізілді.
Ұлттық ойындар байқауының міндеті – балалардың денесін үйлесімді дамыту; қимылды ойындарға қызығушылықты арттыру; ойындарды ойнату арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін, тапқырлығын, зияткерлігін, шығармашылығын дамыту. Жалпы, байқау үш кезеңде өткізілді: бірінші кезең – аудандық және қалалық, екінші кезең – облыстық, ал үшіншісі – республикалық деңгей.
«Ханталапай» ұлттық ойындарының спорттық байқауы ортаңғы топ, ересек және мектепалды топ балаларының ұжымдары арасында өткізілді. Біздің «Улыбка» бөбекжайының тәрбиеленушілерімен команда құрып, байқаудың талаптарына сай сапалы әрі мәнді бейнематериал түсіріп, YouTube платформасына жүктедік. Байқауға мектепалды «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері – Ксенния Филипова, Абдұллах Марал, Тимур Кульмухамбетов, Инас Жанайдарова, Никита Погребняк, Данил Керн қатысты.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тобымыз қалалық кезеңде I орын алып, II кезең облыстық байқау аясында да 14 топтың ішінде I орынға ие болды. Әділ қазылар алқасы жұмысымызды жоғары бағалап, педагогтің ұйымдастырушылық шеберлігін, балалардың ойын шарттарын түсінуін, көрнекі атрибуттарды, әртүрлі материалдарды қолдануын, бейнематериалдың барлық талаптарға сәйкес келуін, залдың ұлттық стильде безендірілгендігі туралы да атап өтті.
Балалар мен ата-аналарды, байқауда үздік болып шығуымызғе атсалысқан барша педагогтерді ортақ жеңісімізбен құттықтай отырып, алдағы республикалық шешуші кезеңде сәттілік серік болып, жеңіс тұғырынан көрінуімізді тілейміз.
Гульдана УРКУМБАЕВА,
«Улыбка» б/б қазақ тілі мұғалімі,
Лисаков қаласы