Балғындармен қазақ тілін үйренеміз

Выпуск - №40 (588)   :   27.10.2023
507

Тіл – халықтың салт-дәстүрі мен мәдениетінің құрамдас бөлігі. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілін балаларға жастайынан үйрету – уақыт талабы. Балабақшада қазақ тілін үш жастан бастап үйренген оңды. Бірақ, баланың отбасында ешкім қазақша сөйлемесе не істеу керек?

Бұл кезде заманауи лингвистикалық әдістер көмекке келеді. Ең бастысы – баланы қинамай, мәжбүрлеусіз қызықты түрде жаңа ақпаратты жеткізе білу. Ұйымдастырылған іс-әрекет аясында балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырып, қарапайым әндерді, тақпақтарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды есте сақтауға көмектесемін. Әсіресе, орыс тіліндегі балаға таныс сөздердің қазақ тіліндегі жаңа сөздермен үндесетін санамақ өлеңдерін жиі қолданамын.

Менің байқауымша, үш жасар балалар қазірдің өзінде жаңа білімді жеткілікті түрде қабылдай алады. Сонымен қатар, бұл жастағы балалар тілдерді жақсы қабылдайды, үлкендерге еліктейді, қателесуден қорықпайды. Балалармен жұмыс істеу барысында олардың тіл үйренуге деген ынтасын арттыруға ықпал ететін түрлі ойын және оқу құралдарын пайдаланамын. Ата-аналар «Баланы сөздерді дұрыс айтуға қалай үйрету керек?» деген сұрақты жиі қояды. Ең алдымен айта кететін жайт, дұрыс дыбыстауды орнату – баланың есту қабілетін, дыбыстарды ажырата білу, оларды айта білу қабілетін дамыту үшін көп жаттығуды қажет ететін ұзақ процесс.

Өзіңіз қазақ тілін білмесеңіз, балаңызға тілді меңгеруге көмектесудің ең оңтайлы жолы – онымен бірге оқыту дискілердегі сөздерді тыңдап, дұрыстап қайталауға, ән болса әндетіп айтуға тырысу. Сол себепті, өз тарапымнан, аналар мен әкелерге күнделікті өмірге негізделген жаңа сөздерді үйренуге, ертегілерді қазақ тілінде оқып, бесік жыры сияқты музыканы тыңдауға, шағын тақпақтарды үйретуге кеңес беремін.


Гульдана УРКУМБАЕВА,
«Улыбка» б/б
қазақ тілі мұғалімі,
Лисаков қаласы

Реклама

Когда старшие пытаются привести ребёнка к состоянию покоя, неподвижности, они вредят его здоровью, портят его жизнь, обездвиживают его способность приобретать знания. Самый трудный урок, который приходится усваивать ребёнку, – это деловой: ребёнок должен научиться приспособляться к людям и к работе, и, если тут его постигнет неудача, никакое количество книг не может поправить дело. Практический способ кажется самым простым и самым подходящим для решения этой задачи.