«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие

Выпуск - №45(693)   :   05.12.2025
1474

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?», – деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ол – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы.

1

Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші – тәрбиеші. Балабақшадағы тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қасиеттері мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке тұлғаны қалыптастырып шығару процесі.
Бүгінде елімізде бала тәрбиесі, қауіпсіздігі және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет тарапынан қолға алынған «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясындағы жүйелі іс-шаралар мектепке дейінгі мекемелер үшін үлкен қолдау десем, қателеспеген болар едім. Әсіресе «Адал азамат» бағдарламасының жаңартылып, құндылықтарға негізделген бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыруы – бізге, тәрбиешілерге, балалармен жұмыста бағыт-бағдар беретін маңызды құрал.

2

Балабақша қабырғасынан бастап адалдық, жауапкершілік, құрмет сынды қасиеттерді бойға сіңіру – келешек тұлғаның қалыптасуына негіз болатыны анық. Балалар құқықтарын қорғау саласындағы өзгерістер де айрықша өзекті. Біздің балабақша да ата-аналармен және әлеуметтік қызметтермен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастыруда, өйткені ол – баланың қауіпсіз әрі толыққанды дамуына қажетті орта қалыптастырудың бір жолы.
Жастарды кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу аса маңызды. «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер» демекші, балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сыпайы сөздерді айтуға үйрету, оған дағдыландыру – ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. Балабақшада «Адал азамат» бағдарламасы бойынша арнайы қабырға жасақталып, әр баланың қоғамда тәртіпті, үлгілі, саналы адам болып қалыптасуына жан-жақты мән берілуде.
Баланың дамуы – тек балабақша мен мектептің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан тәрбие, қорған, бос уақыт сияқты негізгі бағыттарға мемлекет тарапынан нақты назар бөлінуі – ұзақ мерзімді оң нәтижелерге алып келеді деген сенімдемін.

Гульнар УАЙСОВА,
№14 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

______________________________________________________________________

Қостанай қаласындағы №12 бөбекжайда «Адал азамат» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама тек білім беруді ғана емес, сонымен бірге шынайы, әділ, отансүйгіш, еңбексүйгіш, жауапкершілігі мол тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Бала тәрбиесінде ата-ананың үлгісі, ұстаздың өнегесі және ортаның ықпалы – тәлім-тәрбие жүйесінің ажырамас бөлігі екені белгілі. Мысалы, «Әділдік және жауапкершілік» бағытында ұлттық ойындарды дамытамыз. Бөбекжайымызда балалардың жас ерекшелігіне сай ұлттық ойын түрлері енгізіліп, олардың тарихы да түсіндіріліп отырады. Олардың қатарында «Тоғызқұмалақ», «Арқан тартыс» сияқты ұлттық ойындар бар. Күнделікті сабақ барысында «Шертпе», «Бестемше» сияқты ойындар ойнатылады. Күн жылы кезде далада «Арқан тартыс» ойынын ұйымдастырамыз. Балалар ұлттық ойындардың шығу тарихымен жақсы таныс. Мерекелік іс-шараларда «Қыз қуу», «Көкпар», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-көк серек», «Ақ сүйек» сияқты ойындар өткізіліп, әр мерекеде ұлттық ойындар назардан тыс қалмайды.

3

Сонымен қоса мектепалды даярлық тобында ою-өрнектер арқылы бірлік пен ынтымақтастыққа, ұлтжандылыққа баулу жүргізіледі. Балаларға оюлардың түрлері мен тарихы таныстырылып, қол моторикасын дамытуға мүмкіндік беріледі. Ал педагогтер мен ата-аналардың өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Үндестік» жобасы да жүзеге асырылып келеді. Жоба ұжымдық, топтық және жеке жұмыс түрлерін қамтиды. «Педагогикалық консилиум», «Кофе-монинг», «Тимбилдинг», «Директор сағаты», «Әкімшілік қабылдау», бірлескен театр қызметі сияқты инновациялық әдістер кеңінен қолданылады.
«Аналар мектебі» және «Әкелер мектебі» құрылып, тұрақты жұмыс жүргізілуде. Жылдық жоспар құрылып, айына бір мәрте кездесу ұйымдастырылып тұрады. Онда қазақ отбасындағы салт-дәстүр мен құндылықтар дәріптеледі. Балабақшадағы ер балалар әке, аталарымен бірге түрлі жұмыстар жасап, еңбекке үйренеді. Жақында құстарға ұя жасау көрмесі ұйымдастырылды. Бұл әке мен бала арасындағы тығыз байланысқа септігін тигізді. Сондай-ақ «Алтын күз» мерекесіне орай балалар жасаған жұмыстарын таныстырып өтті. Мұндай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілетін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Алмагуль САЛЬМЕНОВА,
№12 бөбекжай меңгерушісі,
Гульнар БРАЛИНА,
бөбекжай тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

______________________________________________________________________

Қостанай қаласындағы №2 балабақшаның «Радуга» ересек тобында балалардың адамгершілік және рухани дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағыттағы жұмыстар «Адал азамат» бағдарламасының аясында жүргізіледі.

Күн сайын педагогтер балаларды қазақ халқының мәдени мұрасымен таныстырып, ізгілік, әділдік және достық құндылықтары туралы әңгімелейді. Ерекше орын алатын қазақтың ұлттық ойындары ептілік пен зейінді, шапшаңдықты дамытып қана қоймай, сонымен қоса адалдыққа, қарсыласқа құрметпен қарауға және ойын ережесін сақтауға үйретеді.

4

Балалар «Асық ату», «Арқан тарту», «Қуыр-қуыр, қуырмаш», «Алтын сақа» және тағы басқа дәстүрлі ойындарды үлкен қызығушылықпен ойнайды. Ойындар барысында олар бірлікке, бір-біріне көмектесуге, сабырлылық пен әділдік танытуға үйренеді.
Ұлттық ойындар балалардың бойында адамгершілік, өзара сыйластық пен жауапкершілік сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді. Яғни, осындай іс-шаралар жастардың адал, мейірімді, жауапкершілігі жоғары нағыз «Адал азамат» болып қалыптасуына үлес қосады.

Любовь БИКЖАНОВА,
№2 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.