«Әлемнің әміршісі – еңбек. Еңбек бәрін жеңбек!». Дәл осындай ұранмен Амангелді ауданындағы «Жұпар» бөбекжай-балабақшасында балғындар арасында аспазшылар байқауы ұйымдастырылды.

Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Бұндай асыл ұғымды бала бойына жастайынан сіңіру аса қажет. Адамзаттың бүкіл ғұмыры «еңбек» ұғымымен етене жақын болғандықтан, оның адам өміріндегі маңызын жеткізу әсте мүмкін емес. Қарап отырсақ, өмірдегі кез келген нәрсе сонымен байланысты. Бала анасының құрсағында жатып-ақ қозғала бастайды, кейін дүниеге келген соң тырмысып, әрекет ете бастайды, еңбектейді, артынша тәй-тәй қадам басып, жүруге талпынады. Одан әрі балабақша, мектеп, жоғары оқу орны, жұмысында, зейнеткерлік жаста атқаратын барлық дүниесі – еңбек. Кейін еңбегіне қарай құрметке бөленеді, жасаған қызметіне қарай ортасына сыйлы да болады. Осы ұлы қасиетті бала бойына сіңіру мақсатында балабақшамызда кішігірім сайыстарды өткізуді дәстүрге айналдырғанбыз.
Бүлдіршіндеріміздің өзіне қызмет етіп, ата-аналарына көмектесуінің өзі еңбек. Ал еңбекке баулу үшін түрлі мамандықтармен де таныстырып отырған жөн. Бұл жолы балалардың аспаз мамандығы туралы түсініктерін нығайту және олардың қызметіне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында кішігірім байқау өтті. Балаларға аспаз кейпіне еніп, түрлі тағамдар жасауға болатынын түсіндірдік. Байқау барысында шынайы тағамдар дайындалмады. Балалардың табиғатына ойын жақын болғандықтан, ойыншықтарды қолдану арқылы өткізілген байқау ерекше болып, балалардың қызығушылығын оятты. Олар бір сәт өздерін аспаз сынды сезініп, ерекше әсер алғандықтарын жеткізді. Тіпті бүлдіршіндеріміздің кейбірі болашақта аспаз мамандығын таңдаймын деп айтып жатты.

Байқау аясында балалар қандай тағамдарды жақсы көретдерін айтып, болашақта соларды өз қолымен жасағысы келетінін аса құштарлықпен айтты. Байқаудың тәрбиелік мәні де жоқ емес. Себебі сайыс барысында балаларға кез келген тағамды дайындау үшін алдымен оған қолданылатын жеміс-жидектер мен көкеністерді жуу керектігін, оның денсаулыққа тигізер пайдасы зор екендігі де жеткізілді. Балабақшамыздың бүлдіршіндері байқау аясында бір-бірлеріне тамақ беріп, әр түрлі ойындар ойнады. Қызықты өткен сайыс өз межесіне жетті деп есептеймін.
Ұлмекен ХАМИТБЕКОВА,
«Жұпар» балабақшасы тәрбиешісі,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.