Баланың сөйлеу әрекеті – күрделі және көп қырлы процесс. Ол көптеген психикалық процестерді қамтиды және өз кезегінде ойлаудың, танымдық процестердің дамуына әсер етеді. Оның қатарында есте сақтау, зейін, сезім, жалпы танымдық белсенділік бар.

Балалық шақта сөйлеудің даму қарқыны кейінгі жылдарға қарағанда едәуір жоғары. Осы кезеңдегі ата-аналардың міндеті: дыбыстарды айтуды үйрету, балаларға ана тілін меңгеруге көмектесу, сөздік қорын дамыту. Ата-аналар баламен неғұрлым көп сөйлессе, соғұрлым ол жақсы дамиды. Осы орайда кері сөйлеу ерте жастағы баланың миының дамуына жақсы әсерін тигізеді. Дұрыс сөйлеудегі басты рөл сөйлеу ортасына байланысты. Сондықтан өмірдің бірінші жылында ата-аналар балаларға өлең айтып, олармен әр түрлі дыбысты ойыншықтармен ойнаулары қажет.
Дыбыстық ойыншықтар көбінесе баланың сөйлеуге деген ынтасын тудырады. Ойыншықтармен ойнағанда біз дыбыстарды қолданамыз. Мысалы, сағатты «тик-так», машина «би-би», сиырды «му-му» деп. Балаға мұндай сөздерді айту оңай, сондықтан ол оларды ықыласпен қолданады. Бірақ біз баланың сөйлеуін дамытуымыз керек екенін ұмытпауымыз қажет, яғни олармен бірге толық сөздерді қолдану керек. Мысалы: «Бұл – сиыр. Ол бізбен амандасады және «му-му» дейді», – деген сияқты.
Қазіргі технологияның дамыған заманында сатылымда сөйлеуді дамыту үшін балаларға арналған көптеген ойындар мен жаттығулар бар. Бірақ балалармен тек сатып алынған ойындарда ойнаудың қажеті жоқ, балаларыңызға өзіңіз де әртүрлі тапсырмаларды бере аласыз. Олардың қатарында қарапайым «Әжең не істер жатыр?» деген сұрақ та болуы мүмкін. Бала барып қарап келгеннен кейін, біз оған: «Айтшы, ол не істеп жатыр?», – дегендей анықтаушы сұрақты қоямыз. Бірте-бірте баланы сөздерді толық қолдануға үйретіңіз, оған сөйлеу қажеттілігін тудырыңыз, балалармен «еркелету» тілінде сөйлемеген жөн. Бұл баланың сөйлеу тілі толыққанды қарым-қатынас құралына айналуына көмектеседі.
Балаңыз қаншалықты дамыған болса да, сіз оған қандай ойындар, іс-шаралар, әдістер мен жаттығулар таңдасаңыз да, бастысы – қарапайым күнделікті қарым-қатынас қажет екенін есте сақтауыңыз керек. Сабақ кезінде ғана емес, онымен бірге болған әр минут сайын. Бұл баланың дамуы үшін негізгі импульс болып табылады. Нәтиже бірден көрінбеуі мүмкін, сондықтан шыдамды болыңыз, басталған ісіңізді тастамаңыз. Бірақ егер бұл нәтиже бермей, балаңыз 2,5 жасқа дейін сөздерді қолданбаса, бірінші невропатолог маманға, содан кейін логопед немесе дефектолог мамандардың көмегіне жүгінген жөн.
Мерей МҰХТАРОВА,
№17 б/б логопед-мұғалімі,
Қостанай қаласы
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.