Қоршаған ортаға асқан қызығушылық танытқан балалардың сұрақтарына жауап беру үшін өте тапқыр болу қажет. Оларға ақпаратты қызықты жеткізу жолында күрделі ұғымдар жоқ балаларға арналған география көмектеседі.
Тәрбиешілер адамға қиын жағдайдан дүрбелеңсіз шығуға мүмкіндік беретін ғылымның география екенін оқушыларға жеткізу маңызды. Мысалы, бейтаныс жерде жоғалып кеткен жағдайда географиялық білім өмірге деген сенімділік, барлық жерде кең көзқарас береді. Сонымен қатар жер бетінде өмір сүруге үйретеді. Оның қарапайым негіздерін зерттеуді вариативті компонентке енгізе отырып, педагогикалық ұжым қарапайым және қолжетімді түрде балаларға Жер ғаламшары туралы білімді, физикалық, әлеуметтік-экономикалық, саяси география элементтерін, аздап геология, ботаника және зоология элементтерін жеткізе алады.
Бала төрт жастан бастап балалар географиясын зерттейтін глобуспен және балалар әлем картасымен жұмыс істей алады. Мектепалды даярлық жастағы балалар материктерді, мұхиттарды, теңіздерді, табиғи аймақтар: жазықтар мен таулар, ормандар, дала мен шөлдерді оңай ажырата алады. Балалар әр түрлі континенттердегі климаттың айырмашылықтары, ерекше жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы, басқа ұлт өкілдері өздерінің әдет-ғұрыптарымен өмір сүретін әртүрлі елдердің болуы туралы түсініктерге ие болады.
Географияны зерттеуде материалды көрнекі түрде ұсынудың маңызы зор. Бұл жағдайда глобус немесе үлкен түсті географиялық картаның болғаны жақсы. Біздің тәрбиеленушілерімізге географияны зерттеуге «Smart Kids Map» балаларға арналған иллюстрацияланған әлем картасы көмектеседі. Көптеген елдер арасындағы шекаралар жабық болғанымен, біз балалар мен әлемнің балалар картасын аралаймыз. Иллюстраторлардың үлкен жұмыс атқарғаны көрініп-ақ тұр: әр бөлшек, әр кейіпкер махаббатпен боялған.
Карталар жиынтығы үлкен көмек көрсетеді. Бір жағынан кейіпкердің суреттері, екінші жағынан жауаптары бар және сол кейіпкер туралы сұрақтар да бар. Қосымша ақпаратты қолдана отырып, кейіпкер немесе объект (ел, қала, жануар) туралы балалардың идеяларының ой-өрісін кеңейте аламыз. Әлемнің білім беру балалар картасынан тек ел мен астананы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен шығармашылықтың барлық салаларындағы көрнекті орындарды, тарихи маңызды тұлғаларды таба аласыз.
Егер нейрондар үшін, яғни күрделірек жаттығу қажет болса, онда қалалар ойынын ойнауға болады. Ересектерге бұл ойын бала кезінен таныс және оның жемісін әлі күнге дейін көріп келеміз. Әрине, әлемнің балалар картасын аралап, тілдерді үйренудің ерекше мүмкіндігі туралы да ұмытпаған жөн. Тіл мен географияны оқыту міндеттерін біріктіре отырып, білім сапасын арттырып, баланы одан әрі дамытуға және мектепте сәтті оқуға ынталандырамыз.
Елена БРИТВИНА,
«Улыбка» б\б әдіскер,
Гүлдана УРКУМБАЕВА,
қазақ тілі мұғалімі,
Лисаков қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.