Баланың балабақшаға бейімделуі

Выпуск - №39 (536)   :   07.10.2022
2045

Халқымыз қашаннан «Тәрбие – тал бесіктен» деп бекер айтпаған. Қазақ халқының көрнекті жазушысы М.Әуезов атамыз: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», – деп бар болашақтың түп тамырынан бастау алатынын меңзегені айтпаса да түсінікті.

«Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым болуды тілейтін өнер», – деп атап өткен М.Жұмабаев. Бүгін үйіңізде жүгіріп жүрген кішкентай бөбек – жай бала емес, елдің болашағы, жазушысы, батыры, данышпан ғалымы немесе күрескері. Сондықтан да бала тәрбиесінде бей-жай қарау ұлт болашағына алаңдатушылық білдірмегенмен пара-пар. Қаламыздағы №13 бөбекжайдың бөбек жастағы кіші «Толғанай» тобының ата-аналарына «Баланың балабақшаға бейімделуі» атты жалпы ата-аналар жиналысын өткізген болатын. Жиналыстың мақсаты – балабақшаға келген бүлдіршіннің бейімделуі жайлы түсініктерін кеңейтіп, ата-ана тәрбиеші ынтымақтастығымен өзара байланыс мықты болған да ғана баланың бейімделуі тез және жеңіл түрде өтетіні жайлы жалпы шолу болды.

Бала ең алғаш отбасына бейімделеді. Ана құрсағынан бастау алған бейімделу отбасы мүшелеріне туыстық қарым-қатынас түзеуіне арналған бейімделу болатынын білеміз. Дәл солай ананың өрісінен жырақтап балабақшаға келуі бала өміріндегі үлкен өзгерістің басы. Бала үшін таныс емес орта, бейтаныс адамдар, бөлек атмосфера құрылған жағдайда балаға қандай көмек бере аламыз? Психологиялық және моральдық тұрғыдан не істеуіміз керек және нені білуіміз шарт? деген сұрақтарға жауап беруді бастадым. 2 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.

Алғашқы келген күннен тәрбиешіге, топтағы балаларға үйренісу процессінде жаңа мінез-құлық нормаларымен ережелерін меңгереді. Баланың балабақшаға бейімделуі әр балада әр түрлі жүретінің ұмытпаңыз. Бір балада жеңіл ал кейбір балаларда ауыр түрі өтуі мүмкін. Егер сіздің балаңыз балабақшаға келгенде жылауын әлі қоймай өзімен қатарлас кейбір балалардың тез үйреніскенін көргенде алаңдауға негіз жоқ екенін ескерткіміз келеді. Әр баланың жеке дамуы әр түрлі. Өзіңіздің балаңызды басқа қатарластарымен салыстырудың қажеті шамалы. Сонымен, бала «Жаңа ортаға қалай үйренеді?». Балабақшаға келген алғашқы күннен балаңызды толық режимге қалдыруға асықпаңыз, әуелі балаңызды 2 сағаттан қалдырып үйрету керек екенін естен шығармаған өте маңызды. Балаңызбен ұзақ қоштасудың маңызы жоқ. Балаңызға түсіндіріп айтуға кеңес береміз. Балабақшада жыламай қалғаның үшін сыйлық беруді ойласаңыз бұл шешіміңіздің дұрыс екенін құп көрмейміз.

Баланы алдауға болмайтынын есіңізден шығармағаныңыз абзал. Сондықтан кеңес береміз үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға тырысыңыз бұл балабақшадағы күн тәртібіне үйренуіне белсенді көмек береді. Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосқаныңыз абзал. Үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйреткеніңіз дұрыс, мысалға жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, дәретке сұрану сынды дағдыларды қалыптастыру аса маңызды.

Сонымен қатар киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы керек мысалға келтірсек шалбар не болмаса шорты замоксыз, шешілуге ыңғайсыз болмағаны дұрыс. Ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатуға тырысыңыз, жолдастарына қонаққа барса да жақсы көмегін береді не болмаса әжесінде қонуға қалуына рұқсат берсеңіз де болады. Осындай тәжірибе жинақтаған бала міндетті түрде өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысып, балабақшаға бейімделеді дегіміз келеді, – деп қорытынды жасадық.

Балабақшаға үйренуде бала өмірінде жасалатын маңызды қадамдардың бірі. Жаңа ортаға сіңісіп, қатарластарымен ашық сөйлесіп, белсенді болған балада мектеп табалдырығына барғанда еш қиындықсыз ұстазы мен сыныптастарына үйренісіп кететініне сенімді болсаңыз болады құрметті ата-ана! Балабақша тәрбие мен білім баспалдағына жасалған алғашқы қадам. Ойын арқылы дами отырып, өз жарқын болашағының алғы шарттарын орындап бастағайды. Рухани бай, ойын азығына қанып өскен бала, білім нәрін де бойына сусындата алады. Балабақша бар болашақтың бастау алатын қайнар көзі. Ал тәрбиеші бұлақ көзін ашар ұлы тұлға.

Адамзаттың есімінде бір жыл қалғын келсе – ас бер, оң жыл қалғын келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғын келсе – бала тәрбиеле демей ме? Дана қазақ. Саналы білімі мен біліктілігі қатар дамыған дені сау ұрпақ тәрбиелесек, ұлтымыздың жарқын мүсінін болашақ соғады дегім келеді.


Ақмарал ТАЛҒАТБЕКҚЫЗЫ,
№13 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.