Білім теңізіне жолға шықты

Выпуск - №24 (420)   :   12.06.2020
415

Тәлім-тәрбиенің сара жолы мектепке дейінгі ұйымда қаланатыны белгілі. Биыл «Қаламқас» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері шағын ұясынан ұшып, келер жылы білім ордасына қадам баспақ.

Балғындарымыз осыдан 5 жыл бұрын кішкентай бүлдіршін болып біздің орданың табалдырығын аттаған еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, алдағы оқу жылында мектепке қадам басқалы тұр. Әрине, бұл да үлкен той. Осы тұста есіме ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мына бір өлең жолдары оралып отыр:

«Мектебің, мынау – класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың».

Балғындарымыздың «қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа нұр жаусын», – дей отырып, «Қаламқас» бөбекжай-балабақшамызда «Қош бол, құтты мекенім!» атты ертеңгілігіміз өтті. Балалар ертеңгілікте өз өнерлерін көрсетіп, би билеп, ән айтып, балабақша қызметкерлеріне бала тілімен алғыс тілектерін білдірді. Соның ішінде алғырлығымен, ақылдылығымен көзге түскен оқушыларымды атап өткім келеді. Олар: Сезім Болат, Чингисхан Бимырзин, Кәусар Кенжеғалиева, Айзере Төкен, Ерасыл Жұмағалиев, әдемі ән айтатын, мың бұрала би билейтін Ақтілек Самғат, Әрсен Серік, Райана Қайынбай, Әлмедина Ұзақбай, сонымен қатар тобымыздың еркесі Парасат Тоқтар, Исатай Серік, Әмір Сұлтан, Мақсат Скендірбек.

Кеш соңында балабақша меңгерушісі Сейтқалиева Гүлім Ғивазқызы бүлдіршіндерге тілек айтып, мадақтама, сыйлықтарын тапсырып, ата-аналарға балабақшамыздың қоғамдық жұмыстарына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады. Жас түлек, сендерге тілеріміз – ата-анаңмен тәрбиеші апайларының үмітін ақта, білімді де білікті азамат бол. Жолдарыңа сәтті сапар, өмірлеріңе құтты қадам тілейміз.


Э.Жанділдина,
А.Дүйсенбаева,
«Қаламқас» балабақшасы
«Ертөстік» тобының
тәрбиешілері,
Амангелді ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.