Жастардың бойына тазалық пен сергектікті, саламатты өмір құндылықтарын сіңіру маңызды. Сондықтан бала денсаулығын нығайтып, оны насихаттау шараларын белсенді жүргізуді балабақшадан бастаған абзал.

Балалардың денсаулығын нығайтуда спортқа әуестендіріп, күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтырып, саламаттылыққа тәрбиелеуіміз қажет. Жан-жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы тәрбиелеу – әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті. Ағзаны шынықтыру – бала денсаулығын күшейтудің ең негізгі жолы. Ал шынықтыру – дене тәрбиесінің маңызды бөлігі, ол табиғи факторлардың үйлестірілген әсерлеріне жүйелі түрдегі жаттығулар арқылы орындалады.
Денсаулық дегеніміз – аурудың жоқтығы ғана емес, бұл оңтайлы жұмысқа қабілеттілік, эмоциялық сергектік жағдайы – жеке адамның болашақтағы жайлылығына іргетас қалау, қозғалыс белсенділігін дамыту және дене сапаларын қалыптастыру. Бұл міндеттердің шешімін табуға баланың дене, психикалық және әлеуметтік жағдайын сақтау бойынша тұтас жүйені жасау жолымен қол жеткізуге болады.
Біздің балабақшаның да басым бағыттарының бірі – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау. «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» демекші, балдырған балаларымыздың дендері сау, дене бұлшық еттері қалыптасқан, батыл болып өсуіне ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жүргізілсе, қызығушылығы артады. Осы бағытта балабақша Елбасымыздың «Шынықсаң, шымыр боласың» деген насихат сөзіне сүйене отырып, денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстары ұйымдастырылады. Олардың қатарында: гигиеналық жұмыс; шынықтыру жұмыстары; дене шынықтыру оқу іс-қызметі таза ауадағы қимылдық ойындар; дем алу, сергіту жаттығулары кіреді. Осыған сай барлық топтарда жұмыстар жүргізіледі.
Жылдың барлық мезгілдерінде балалардың денсаулығына, рационалды тамақтануына ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар балабақшада күнделікті шынықтыру шараларын өткізуге жағдай жасалуда. Әрдайым тәрбие, сауықтыру, шынықтыру іс-шараларын шығармашылық ізденіспен түрліше өткізу бала денсаулығының мәдениетінің қалыптасуына әсері мол. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақтың бойына саламатты өмір құндылықтарын сіңіру, дені сау, жаны таза ұрпақты тәрбиелеу – басты мақсатымыз.
Гаухар САДУАКАСОВА,
«Алпамыс» б/б дене
шынықтыру нұсқаушысы,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.