«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», – дейді Ы.Алтынсарин. Расымен де, бала тәрбиесінде ертегінің атқарар рөлі үлкен.

Ертегілерді ықылым заманнан бері тәрбие құралы ретінде қазақ халқы ғана емес, барлық ұлт, бүкіл ел қолданып келеді. Ал ертегіні балаға оқудың пайдасын айтар болсақ: ол бала мен ата-ана арасындағы «арақашықтықты» жақындатады, бала мен ата-ананың бір-біріне деген байланысын бекітуге мүмкіндік береді, баланың рухани жан дүниесін байытады, сонымен қатар еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелейді.
Психологтардың айтуынша, ертегі тыңдамаған баланың тілі кеш шығады, өзі жасқаншақ болып өседі. Негізінен ертегіні баланы ұйықтату үшін емес, тәрбиелеу үшін қолданған жөн. Мысалы, баланы тазалыққа, ойыншықтарын жинауға, тісін тазалауға үйрету үшін, оған Жалқаубек туралы ертегі, ал оның өтірік сөйлегенін байқасаңыз, онда айлакер түлкіден достарының теріс айналғаны және т.б. осы секілді ертегілерді айтуға болады. Өзіне сенімсіз, агрессивті балаларға сенімділігін күшейтетін, қайырымдылыққа баулитын ертегілерді айту керек.
Балаға ұйықтар алдында ертегі айтып беру дәстүрі бала үшін де, өзіңіз үшін де пайдалы деп жатады. Неліктен? Ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша, балаға ұйықтар алдында 15 минут бойы ертегі айтып берсеңіз, балаңыз тәрбиелі, ашық, батыл, ақыл тыңдайтын, ұқыпты болып өседі. Әрине «бос сөз» деп санауыңыз мүмкін, ал негізінде ол ертегі оқымаудың сылтауы ғана. Ертегіні тыңдап болғаннан кейін оны талқыласаңыз, баланың өз бетімен оқуға ынтасы пайда болады. Әрі ойлау қабілеті дамып, сөздік қоры арта түспек.
Ертегі – баланың тілін жаттықтырады. Ертегі кейіпкерлерінің басынан өтетін оқиғалары арқылы бала күнделікті өмірінде болып жатқан оқиғаларды талдай білуді және әлемді түсінуді үйренеді. Ертегілік әлем түсінуге жеңіл: жақсы мен жаманның арасы анық. Сонымен қатар баланың ойлау қабілетінде маңызды нәрселер де көрініс табады. Яғни, жомарттылық пен сараңдық, жақсылық пен жамандық, менмендік пен бауырмалдық деген мәселелер көтеріліп, негізгі идея ретінде баяндалады. Балалар өздерін ертегі кейіпкерлеріне теңеп, соларға еліктейді. Өзіне ұқсас кейіпкерді, бейсаналы түрде таңдап, соның әрекеттерін қайталауға тырысады. Жалпы ертегілер тәрбиенің негізгі құралы болғандықтан, оқитын ертегіні таңдауда мұқият болған абзал.
Ертегі оқу – баланы тыныштандырып, позитивке бағыттаудың әдісі. Бала ешуақытта негативті көңіл-күйде ұйықтамауы керек. Ертегінің соңы жақсы аяқталуы керек екенін де ескеріңіз. Ертегіде жақсылық жамандықты жеңіп, бас кейіпкер батыр атанып, бәрі өз орнына келеді. Бұл баланы өмірде бәрі жақсы болатынына, позитивті ойлауға дағдыландырады. Бұл бала үшін өте маңызды екенін ұмытпағайсыз. Ертегі арқылы ақыл-ой және дене енбегінің барлық түрлерінде, баланы болашақта қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін дамыту қажет. Сондықтан да күнделікті сабақ барысында ертегіні пайдаланар болсақ, баланың мінез-құлқына, сезімталдығына әсер етіп, дұрыс тәрбиелеуге үлес қосамыз.
Венера САДВОКАСОВА,
№3 балабақша тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.