Ғажайып мультфильм әлеміне саяхат

Выпуск - №6(503)   :   10.02.2022
1264

Лисаковск қаласындағы «Улыбка» балабақшасының педагогтері тәрбиеленушілерге оқу-тәрбие тапсырмаларын орындатып, жаңашыл дүниелерді үйрету барысында үнемі шығармашылықпен іске кірісіп отырады.

Үстіміздегі оқу жылында тәрбиеленушілерімізбен бірге анимациялық өнімді жасаудың шығармашылық процесіне терең баттық. Қаншалықты қызықты әрі өзіне еліктіріп әкететін процесс екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ең алдымен, әрине, анимациялық мультфильмді жасау үшін алаң дайындадық. Балалармен бірге мультфильм кейіпкерлерін жасауды және жылжытуды үйрендік. Мультипликациялық фильм жасаудың әртүрлі тәсілдерімен танысып, дайындаған жұмысты дыбыстаумен айналыстық.


Осы жоғарыда аталған мәселе бойынша жұмыс істей отырып: «Неге барлық балалар мультфильмдерді жақсы көреді?» деген сұрақ төңірегінде ой қозғадық. Балалардың жауаптары да әртүрлі болды. Дегенмен соңында бәріміздің ойымыз бір арнаға тоғысты: әлбетте, ол мультфильмнің түрлі-түсті, динамикалық және қызықты болатындығынан. Қызықты болғанынан бөлек, тәлім-тәрбиелік жақтары қаншама. Достыққа, қамқорлыққа, кішіпейіліділік пен ізеттілікке, жалпы барша асыл қасиеттерге үндейтін туындылардың баланың санасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастырудағы рөлі орасан.

Анимациялық өнімді көру баланы қызықтырады, оның барлық назарын өзіне аударады. Бұл мультфильмдерді балалар ғана емес, ересектер де жақсы көретіні жасырын емес. Сондай өнімді өз қолымызбен жасау мақсатында ермексаздан мультфильмнің кейіпкерлерін жасап, ол кейіпкерлердің өмір сүру ортасын, яғни негізгі фонды жасадық. Бұның бәрі істеген дүниеміздің жақсы көрінуі мақсатындағы қадамдар. Тәрбиеленушілерімізге түрлі-түсті ермексаздардан жасалған мүсіндердің арқасында, бір-бірімен пікір алмасып, талқылап, көңілді өткізген уақытты, ең бастысы жұмысының нәтижесін көру өте ұнады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мультфильм жасауға тарту үлкен әлеуетке ие екенін байқадық: сөйлеудің коммуникативті жағы дамиды; оқушылар қазақ тілі әлеміне оңай енеді; эмоционалды сезімдерді көрсетуді үйренеді; дамыған ойлауды көрсетеді. Балабақшадағы ересектер ұлдар мен қыздармен бірге жоспарды ойластыруды, сценарий құруды, фонды дайындауды және кейіпкерлерді құруды, бейне түсіруді, артынша оны монтаждауды, титрлерді жасауды үйренеді. Естен кетпес шығармашылық жұмыс болғаны рас.


Әрдайым кез келген жұмысқа шығармашылықты араластыруға тырысамыз. Шындығына келсек, шығармашылық жұмыс адамды қанаттандыратын күшке ие. Алдағы уақытта әлі талай қызықтар болары хақ. Ал қазір шығармашылық жұмыстарды жинаған сандықшамыз «Біздің Отанымыз – күннен де сұлу!», «Мейірімді жан», «Көңілді тұлпарлар» атты мультфильмдермен толықты.


Гүлдана УРКУМБАЕВА,
қазақ тілі мұғалімі
Евгения ЛЫЖИНА,
музыка жетекшісі,
«Улыбка» б/б,
Лисаков қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.