16 желтоқсан – еліміз үшін ерекше тарихи маңызы бар күн. Бұл күні – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған азаттығының ақ таңы атты. Егемен ел атанғанымызға биыл 34 жыл толса да, оның қадір-қасиеті ұрпақ тәрбиесінде маңызын жоймайды.
Балабақша – тұлға тәрбиесінің іргетасы қаланатын киелі мекен. Тәрбиешінің басты мақсаты – елін сүйетін, тілін, ділін құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды бағалайтын, отансүйгіш жас ұрпақ тәрбиелеу. Осы тұста Тәуелсіздік күніне орайластырылып өткізілетін тәрбиелік іс-шаралардың мәні зор. Себебі рәміздеріміз, батырларымыз, ұлттық салт-дәстүріміз туралы түсінік беру арқылы балалардың бойында патриоттық сезім ұялайды.
Мерекеге орай біздің №61 бөбекжайда «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» тақырыбында ұлттық ойындар сайысы өтті. Іс-шара балалардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді насихаттаумен қоса ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттыруды көздеді. Сайысқа мектепалды даярлықтағы «Тамшы», «Көбелек», «Қызғалдақ» және «Балапан» топтары қатысты. Балалар асық ату жарысында бақтарын сынап, жарыс ережесіне сай «Омпы», «Тасқала» және «Бес асық» ойындары ұйымдастырылып, әділ бағаланды.
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде жүлделі І орынға «Тамшы» тобы, ІІ орынға «Қызғалдақ» тобы, ІІІ орынға «Көбелек» тобы ие болды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар бөбекжайдың арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұлттық рухты ұлықтайтын осындай іс-шаралар жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуге және ұлттық мұраны құрметтеуге баулитыны хақ.
Аружан АБДУЛОВА,
Айгуль АХМЕТОВА,
№61 б/б тәрбиешілері,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.