«Күзгі қиялдар»

Выпуск - №41(538)   :   21.10.2022
1191

Табиғатты түрлі түстерге бояған күз мезгілі келіп, Қостанай қаласындағы №51 бөбекжайдың ересек «Айналайын» тобында мақала тақырыбымен аттас табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті.

Шығармашылық пен қиялға айналған керемет материалға бай, ең жарқын, әдемі уақыт – күз. Күзгі тақырыпта керемет және қызықты колөнер туындыларын қарапайым көгөністер мен жемістерден, табиғи заттардан жасауға болады. Балабақшамыздағы қиялға ерік берген аталған шара табиғатпен танысу, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, сонымен қатар ата-аналарды балабақшадағы тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді.

Шығармашылыққа ерік берген көпме өткізбес бұрын топтарда оқу қызметтері өткізілді, күз мезгілінің ерекшеліктері айтылып, қандай табиғи материалдарды қолдануға болатындығы туралы әңгімелер жүргізілді. Ерекше қуантқаны, ата-аналардың да белсене қатысып, балаларымен бірге табиғи материалдардан ерекше әдемі, қызықты қолөнер бұйымдарын жасағаны. Әлбетте, табиғи материалдармен жұмыс шығармашылық қиялды қажет етеді. Нәтижесінде ата-аналардың балаларымен бірге «нағыз қолөнер туындысы» деуге келетіндей туындылар жасап, әкелгеніне тәнті болдық.

Бір қызығы, ешбір жұмыс қайталанбайды. Бірнеше бірдей жұмыстар болса да, олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар, әрқайсысы белгілі-бір табиғи материалдардан жасалған. Балалардың ата-аналарының балабақша өміріне белсенді қатысуы, олардың үйдегі бірлескен шығармашылық қарым-қатынасы отбасы мүшелерін өзара біріктіреді. Осылайша бір-бірін жақсы көретін, түсінетін және бағалайтын отбасында жақсы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді. Осы тұста қолдау көрсетіп, балаларымен шығармашылық жұмыс істеп, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз.

Балабақшамызда жыл сайын осындай іс-шараны өткізу дәстүрге айналған. Былтыр да «Айналайын» тобының бүлдіршіндері мен олардың ата-аналары жақсы дайындала отырып, шеберліктерін көрсеткен-тін. Қиялдарына ерік беріп, белгілі-бір шеберліктерін көрсетті. Биыл да көрмеге қатысу ұсынысын ата-аналар қуана қабылдады. Көрмеде жеңімпаздар мен жеңілгендер жоқ, барлық жұмыстар ерекше және қызықты. Қатысқан жұмыстардың әрқайсысы ерекше креативпен жасалған.

Балабақшамыздың ұжымы атынан көрменің барлық қатысушыларының жасаған шынайы өнер туындыларын тамашалаудан алған эстетикалық ләззат үшін алғыс білдіре отырып, балабақша мен шығармашылық отбасылар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға атсалысамыз. Мұндай іс-шаралар балаларға өздерінің шығармашылық әлеуетін білдіруге мүмкіндік беріп қана қоймай, бүкіл әлемге мейірімді және адамдық көзқарасты тәрбиелейді, балалар мен отбасылық шығармашылықтың дамуына да өзіндік септігін тигізеді.

Айслу МАУТОВА,
№51 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Жаңылсын ИБРАЕВА,
№51 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.