Мамандыққа алғашқы қадам

Выпуск - №39(687)   :   17.10.2025
323

4

Қостанай қаласындағы №13 бөбекжайда «Мамандыққа алғашқы қадамдар» бағыты бойынша балалармен «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл, талап қыл!» атты сюжеттік ойындар ұйымдастырылды.

1

Әр бүлдіршін кішкентайынан арманшыл болып өседі. Біреуі мұғалім болуды, енді бірі дәрігер болуды, ал кейбірі ұшқыш немесе аспаз болуды армандайды. Бұдан біз олардың мамандыққа деген алғашқы қадамдарын байқай аламыз. Мамандық – әр адамның қоғамға пайда келтіру жолы. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім балаларды оқытады, ал құрылысшы ғимараттар салады. Әр мамандықтың өз орны мен қоғамдағы маңызы бар. Сондықтан осы ұғымды балалардың бойына жастайынан сіңіре білу – біздің басты міндетіміз. Осы мақсаттағы іс-шара барысында балалар сурет салып, ән айтып, түрлі ойындар ойнады. Мұның бәрі олардың қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын таңдауға септігін тигізді.

2


Мысалы, сурет салған бала суретші болғысы келсе, қуыршақтарға қамқор болған бала дәрігер не тәрбиеші болғысы келетіні анықталды. Ойындар арқылы балалар әртүрлі мамандықтармен танысып, олардың ерекшеліктерін білді. Дәрігер, мұғалім, құрылысшы, аспаз және басқа да мамандықтар туралы қызықты ақпараттар берілді. Балалар да өздерінің сүйікті мамандықтарын таңдап, сол мамандыққа тән әрекеттерді орындап, рөлдік ойындар арқылы тәжірибе жинақтады. Сюжеттік ойындар барысында олардың шығармашылық қабілеттері дамып, командалық жұмыс жасау дағдылары жетілді. Олар өзара пікір алмасып қана қоймай, бір-біріне көмектесу арқылы әр мамандықтың қоғамдағы маңызын түсінді.

5

3


Іс-шараның жарасымды жалғасы ретінде балалар алған әсерлерімен бөлісіп, болашақта кім болғысы келетіндерін айтты. Сюжеттік ойынның негізіндегі бұл іс-шара олардың кәсіптік бағдар алуына, қызығушылықтарын анықтауға және болашақ мамандықтарына деген ынтасын арттыруға үлкен септігін тигізді. Мамандыққа алғашқы қадам – армандаудан басталады. Ал арманға жету үшін еңбектеніп, жақсы оқып, мейірімді болу қажет. Сонда ғана әр бала өскенде өз ісін сүйетін, еліне пайдалы маман бола алады.

Арайлым АКАУОВА,
№13 бөбекжайдың
әдіскері,
Алтынай АБИЛОВА,
тәрбиеші,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.