Мектепке дейінгі ұйымдағы экологиялық тәрбие

Выпуск - №3(699)   :   19.01.2026
851

Табиғатты қорғау, қоршаған әлемді аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Осы міндетті жүзеге асыруда мектепке дейінгі ұйымдардың, соның ішінде балабақшаның рөлі ерекше.


Whats App Image 2026 01 16 at 14 54 10

Баланың дүниетанымы, мінез-құлқы және құндылықтары дәл осы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасатындықтан, біздің №7 бөбекжайда бұл мәселеге ерекше мән беріледі. Экологиялық тәрбие жұмысы жыл бойы жоспарлы түрде жүргізіліп, серуен кезінде әрі еркін ойын барысында экологиялық мазмұндағы тапсырмалар жүйелі түрде қолданылады. Топ ішінде «Табиғат бұрышы» ұйымдастырылған. Балалар бөлме өсімдіктерін суарып, жапырақтарын сүртуді, өсімдіктің өсуін бақылауды үйренді. Ал кезекшілік арқылы олардың бойында жауапкершілік сезімі қалыптасады.

Серуен барысында балалармен бірге ағаштар, құстар және ауа райы құбылыстары бақыланды. «Табиғатты қорғайық», «Қоқысты тастама» тақырыптары аясында әңгіме жүргізіліп, табиғатты аялау ережелері түсіндірілді. Экологиялық тақырыптағы дидактикалық ойындар, сурет салу және жапсыру жұмыстары арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері дамытылды. Сонымен қоса «Таза аула», «Жасыл балабақша» тақырыптарында ұжымдық жұмыстар ұйымдастырылады.

Экологиялық тәрбие жұмысында ата-аналармен ынтымақтастық аса маңызды. Сондықтан да ата-аналарға арналған кеңестер, папка-жылжымалар әрі бірлескен сенбіліктер ұйымдастырылды. Балабақшадағы экологиялық тәрбие жүйелі және мақсатты түрде жүргізілгенде ғана оң нәтижесін береді. Балаларға экологиялық тәрбие беру – болашақта табиғатты аялауды өмірлік ұстаным еткен саналы тұлға тәрбиелеудің негізі. Сол себепті экологиялық тәрбиеге жауапкершілікпен қарап, оны жүйелі түрде ұйымдастыру маңызды.


Айнура ОСПАНОВА,
Анар КУДЕРИНА,
№7 бөбекжайдың тәрбиешілері,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.