Ойнай отырып, әлемді тану жолы

Выпуск - №1(598)   :   14.01.2024
943

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мектепке дейінгі шақтағы баланың негізгі әрекеті – ойын болғандықтан, оның өмірді тану процессі осы ойын әрекеті арқылы қалыптасады.

«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы бар болса, бала үшін ойынның маңызы да сондай. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады», – деп А.С. Макаренко айтқандай, ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын арқылы баланы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.

Балалардың ой-өрісін дамыту жолында дидактикалық ойындар маңызды. Әрбір сәбидің ертеңі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басына қатысты белгі-бедері оның ойын әрекеті барысында қалыптасады. Сондықтан да, балалардың ойынын осы бастан дұрыс ұйымдастыру қажет. Ойын барысында баланың шығармашылығы, мүмкіндіктері, көңіл-күйі және ерік-жігері айқын білінеді. Бұл ойлау процесімен тығыз байланысты. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Шынында да, бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы саналады. Сол арқылы бала ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін қайталайды, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді.

Балабақшада балалардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын ұйымдастыру қызметінің кезеңдеріне ұштастырудың маңызы зор. Ойынның түрлері көп. Соның ішінде оқу іс-әрекетінде жиі қолданылатыны – осы дидактикалық ойындар. Олар балалардың ынта-ықыласын күшейтеді, оқудың қиын процесін жеңілдетеді, балалардың дамуына ықпал етіп, балалардың білім алуға деген қызығушылығын арттырады. Дидактикалық ойындар баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгертуге көмектеседі. Ойын – адамның өмірді тану жолындағы алғашқы қадамы болғандықтан, бұл процесске немқұрайды қарамаған абзал.


Ұлмекен ХАМИТБЕКОВА,
«Жұпар» б/б тәрбиешісі,
Амангелді ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!