Бала тәрбиесі өзінше бір ғылым сияқты. Ал ғылым ерінбегендікі, төзімдінікі екені ақиқат. Ендеше бала тәрбиесін де бөлек бір ғылым десек ләзім. Ұрпақ тәрбиесі – ата-ана мен қоғамның басты парызы десек, әр азаматтың өмірден өзіндік орнын табуына балабақшаның қосар үлесі аз емес.
Ғұлама ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – дейді. Әрине, бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы кетпестей із қалдырады. Өйткені жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасу негізі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алады. Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. «Мен баланың күлкісінен оянамын, тіршіліктен нәр аламын», – деген екен баланы сүйіп өткен ата-бабамыз.
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздың еткен жалықпас,
Үйретуден бағала», – деп данышпан Абай ақын айтақандай, ұстаз – қиындығы да, қызығы да мол өнер өлкесінің бастаушысы десек те лайықты. Сондықтан өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша ұстаздарының қасиетті борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі манызды мәселе.
Ата-ананың беделі, тәртібі, қарым-қатынасы баланың балабақшадағы қарым-қатынасына, тәртібіне, көңіл-күйіне әсер етеді. Ерте жастан-ақ балалар өзінің ата-аналарына еліктей бастайды, өзінің іс-әрекетін соларға қарап жалғастырады. Бұл балаларды еңбекке баулуға қолайлы кезең. Балаға тән бір ерекшелік – олар естігендері мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, сенгіш, еліктегіш, білуге құмартқыш келеді. Мысалы: бала 1,5-2 жасынан жуынып-тарануға еліктеп, ұмтылады. 2-3 жасынан алдына мақсат қоя бастайды: «Мен өзім», – деп еңбек әрекеттерінде үлкендерге тәуелсіз болуға, қолынан келсе де, келмесе де орындауға тырысады. Бірте-бірте бала еңбек әрекетінен тәжірибе жинай отырып, 4-5 жасында өз әрекетін жоспарлап, нәтижесін көруге тырысады.
Егер ата-анасы баласын өзі киіндірсе, шешіндірсе, ойыншықтарын жинай алса, тәрбиенің тиімділігі төмен болады. Жақсы перзент – ата-ана қолындағы аманат. Баланы тәтті тағам, жақсы киімге үйір қылмаған жөн. Баланың жан дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген абзал. Егер бала қателессе, 1-2 рет көрмегенсіп, білмегенсіп қоя салған дұрыс. Оған жауап беретін дәлелі болмауы да мүмкін. Оқтын-оқтын жаман іске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін айтып, ұялтып, түсіндіру қажет. Әкесі өзінің баласына сабыр, шыдамдылығы мен айбаттылығын өнеге еткені абзал. Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көрген бала балабақшада да, мектепте де өз ісіне жауап бере алады. Үйде ойын еркін айта алатын бала қай жерде де жасқаншақ болмайды. В.Сухомлинскийдің айтқанындай: «Балалардың бетімен қаңғып кетуі және қылмыс істеуі, үй мен мектептің тәрбиесінің педагогикалық мәдениетінің өте төмендегінде».
Ата-аналар мен біз, тәрбиешілер, осыны есімізден шығармаумыз керек, балабақша мен ата-налар өз алдына жеке-жеке баланың нәзік дүниесін дұрыс түсініп, адам болуының күрделі мәселесін шеше алмайды. Сондықтан бала тағдыры бәріміздің – ата-аналардың, балабақшаның, мектептің және қоғамның негізгі міндеті. Адамға мінездемені жұмыстағы ісіне қарап қана береміз, меніңше, оның әкелік немесе аналық міндетін қалай атқарып жүргенін де ескерген жөн болар еді. «Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек дүниенің де тарихын тәрбиелейді», – деген А.С. Макаренконың сөзі есіме түсіп отыр.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгінің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор.
Балабақша – бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да ибалы, үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам – оның ата-анасы. Ал ең әдемі әрі жарық мекен – оның туған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойында жағымсыз қасиеттің пайда болуына тікелей себеп болып жатады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, дүние жұмбақтарын танытып, тағылым-талғамға, әдептілікке баулуы тиіс. Себебі ата-ананың күнделікті тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Сондықтан да кез келген бала, ең алдымен, ата-анасынан үлгі алады.
Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірге баланы тәрбиелеудегі басты мақсат – өмірде «түзу кірпішін қалау» екенін ескере отырып, осы мақсатты жүзеге асыру үшін, сәби кезінен бірқатар көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдайды. Олар мыналар:
– Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.
– Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып, сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.
– Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау. Баланың әрбір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.
– Қандай жағдай болмасын, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы.
– Баланың ана тілін толық меңгеруі.
Ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар, т.б. Бүгінде жас ұрпақтың сана-сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентайынан қалыптастырамыз.
Гүлден МАҒЗҰМОВА,
Ә.Боранбаев атындағы ОМ
мектепалды даярлық
топ тәрбиешісі,
Амангелді ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.