Түрлі-түсті көңіл-күй аптасы

Выпуск - №29-30(677-678)   :   22.08.2025
220

1

«Улыбка» бөбекжай-бақшасында ерекше Түрлі-түсті апта өтті. Бұл жоба балаларға қуаныш, позитив және көптеген қызықты жаңалықтар сыйлады. Әр күн белгілі бір түске және ерекше көңіл-күйге арналды, шағын мерекеге айналды.

Дүйсенбі – қызыл түс күні. Апта қуат пен күшпен басталды. Қызыл түсті киім киген балалар нағыз суперқаһармандарға ұқсап кетті. Біз батылдық туралы әңгімеледік, қозғалмалы және үстел ойындарын ойнадық, қызыл түстегі кітаптарды қарадық. Күн белсенді әрі қызықты өтті.

2


Сейсенбі – көк түс күні. Көк түс тыныштық пен қиял сыйлады. Балалармен бірге су арқылы тәжірибе жасап, көпіршіктер үрледік. Ойын барысында балалармен судың қасиеттерін зерттеп, қызықты мағлұматтар алдық.
Сәрсенбі – сары түс күні. Сары күн шуақты әрі жылы болды! Біз достық пен күн туралы әңгімелестік. Балалармен тәжірибе жасап, қағаз майлыққа күн салып, оны суы бар тәрелкеге қойдық – майлықтағы сурет суда шағылысып, ерекше көрініс берді. Күн жарқын әрі көңілді өтті.
Бейсенбі – жасыл түс күні. Жасыл түс – табиғаттың, тыныштық пен денсаулықтың белгісі. Балалар жасыл түстің көзге пайдалы екенін білді. Алаңда қозғалмалы ойындар ойнап, сергітетін сәттер өткіздік.
Жұма – түрлі-түсті күн. Аптаның соңғы күні нағыз түрлі түстер фестиваліне айналды! Барлық балалар түрлі-түсті киім киіп келді. Әсем дефиле мен көңілді билер өтті, балаларға суперқаһарман қонаққа келді. Түрлі-түсті ойындар ойнап, аптаның ішінде үйренгенімізді қайталадық.
Түрлі-түсті апта тек ойын емес, эмоциялар мен білім әлеміне қызықты саяхат болды. Жоба балалардың қиялын дамытып, түстермен танысуға, сөздік қорын кеңейтуге, достарымен және тәрбиешілерімен қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік берді. Ата-аналарға қолдаулары үшін, ал балаларға белсенді қатысқандары мен күлкілері үшін алғысымызды білдіреміз!

Гульжан ТОПАЛОВА,
Карашаш КУЛЬТАЕВА,
«Улыбка» бөбекжай-
бақшасының тәрбиешілері,
Қарабалық ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.