Волейболдан өткен жарыс

Выпуск - №43 (490)   :   05.11.2021
714

Қостанай қаласындағы жеке меншік «Үндестік» «Салтанат» балабақшасында ата-ананың балабақшаға деген қөзқарасын қалыптастыру мақсатында балабақша ұжымы мен ата-аналар арасында волейболдан жарыс өтті.

Бала тәрбиесінің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да балабақшамен тығыз байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Педагог ғалымдарының тұжырымына сүйенсек, тұлғаны қалыптасу нәтижелілігі, ең алдымен, отбасындағы өнегеге байланысты. Отбасындағы ересектердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне қарап өсіп, тәрбие көрген баланың да қандай екенін тану қиын емес. Сондықтан біздің «Салтанат» балабақшасының ұжымы ата-аналар мен балаларды балабақша өміріне белсене қатыстыруға бағытталған іс-шараларды жиі өткізіп тұрады.

Атап өтер болсақ, түрлі сауықтыру кештері, ертеңгіліктер, тренингтер, сауалнамалар ұйымдастырылады. Осындай отырыстар арқылы ата-аналар бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ өзекті мәселелерді бірге шешуге тырысады. Бұл балабақша мен отбасы, ата-ана мен бала арасындағы достық, бауырмалдық қарым-қатынастардың қалыптасуына игі ықпал етеді. Мектепке дейінгі мекемеде өткізіліп жатқан спорттық жарыстар саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеумен қатар ата мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен ынтымақтастықтың да нығаюына септігін тигізеді.

Волейболдан өткен жарыстың қорытындысы бойынша 2:0 есебімен ата-аналар командасы жеңіске жетті. Әрине, мақсат жеңісте емес, ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Жарыс соңында балабақша меңгерушісі Г.Галиева құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарды арнайы дипломдармен, сый-сияпаттармен марапаттады.

Қарап тұрсаңыз, отбасы мен балабақша бір-бірінен бөлек алып қарауға келмейтін егіз ұғым секілді. Ол – саналы ұрпақ тәрбиелеуде зор жетістікке жеткізетін берік одақ. Осы екі одақ бірлескенде ғана күрмеуі қиын талай мәселелердің түйіні шешілетіні анық.


Айнұр ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Жеке меншік «Үндестік»
«Салтанат» балабақшасы
дене шынықтыру нұсқаушысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.