Балабақшаның басты мақсаты – тәрбиеленушілеріне сапалы да саналы білім беріп, адамгершілікке баулу. Менің педагогикалық ұстанымым: балалардың денсаулығына ғана көңіл бөлмей, оларды кең пейілді, ақылды, жауапкершілігі мол адам етіп тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбие беру – өзекті мәселеге айналуда. Оны іске асыру үшін болашағымыздың рухани дамуын дұрыс жолға қоя білуіміз керек. Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен, балабақшаның да рөлі зор. Ұлттық салт-дәстүрді, мәдениет пен өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Жас ұрпақ, жеткіншектеріміз бен бөбектеріміздің бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру – әрбір ата-анамен қатар тәрбиешілердің міндеті.
Балабақшадағы сәбилерге ұйымдастырылған оқу қызметі барысында, серуен уақытында, ойын іс-әрекеттерінде, ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұрамызды насихаттауды басты назарға аламыз. Ұлттық құндылықтардың жойылмай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына қазіргі жаңа заман талабана сай жаңа технологиялармен үйретуді қолға алдық. Балабақшамыздың алдына қойған мақсаты – «мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту арқылы ұлттық тәрбиеге баулу». Осы мақсаттың айқын орындалуына өз үлесімді қосып келемін.
Бала белгілі бір жұмысты өз қолымен жасай білуінен бөлек жасалып жатқан жұмысының есінде сақталып қалуы және оны қалай жасағанын әңгімелеп айтуы оның одан әрі қарай дамуына дұрыс әсерін тигізеді. Яғни, баланың қол ұшындағы саусақтарының епті қимылдауы оның тікелей миымен байланысты. Бала жасап жатқан дүниесін өз миында ойлау арқылы епті әрекет жасап, көзбен көру арқылы есінде сақтап қалып, оны өзі қалай жасағаны туралы әңгімелеп айтып бере алады. Демек, ұсақ қол моторикасымен бірге балалардың есте сақтау қабілеті мен зейіні тұрақталып, сөздік қоры да арта түседі.
Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды деп ойлаймын. Себебі, балабақшаға ерте жастан келген балалармен құрастыру, мүсіндеу, жапсыру, сурет салу оқу қызметтерін жүргізу кезінде кейбір балалардың қол икемділіктерінің үйлесімді жұмыс істемегенін байқадым. Және бұл жолда өзіме сұрақтар қойып, іздене бастадым. «Мектеп жасына дейінгі балаларды ұсақ қол моторикасын дамыту арқылы ұлттық тәрбие баулу және қол қызметін үйлестіру арқылы тиянақты жұмыс жүргізу»: бүгінде балалармен осы бағытта жұмыс істеймін.
Тәжірибемде ұлттық құндылықтарға бейімделген жаңа технологияларды қолдана отырып, өз қолыммен жасалған дидактикалық ойындарды қолданамын. Оны ұсақ-түйекке дейін ойластыруға тырысамын, сондықтан балалар да қызығушылық танытады. Менің ойымша, бұл – балалар өздерінің ұлттық құндылықтарын білуі және есте сақтауы үшін тамаша мүмкіндік. Осыйлайша, ерте кәсіптік бағдар беруді балабақшадан бастап, оны ұлттық құндылықтармен ұштастырсақ, ұлттық құндылықтарды түсіне алатын саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз.
Маржан ЖУМАБАЕВА,
№15 бөбекжай тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.