Науырзым ауданына қарасты «Балдырған» бөбекжай-бақшасында жұмыс жоспарына сай мақала тақырыбымен аттас тәрбие сағаты өткізілді. Атауының өзі білдіріп тұрғандай, шара балаларға жол ережелерін түсіндіруді көздеді.

Бөбекжай-бақшаның тәрбиешісі жолда жүру ережесі туралы бөбектерге ойын түрінде нәрлі білім, тәрбие бере білді. Мақсаты – жолда жүру ережелерін есте сақтауға, жол белгілерінің неше түрі бар екендігін, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға білімдерін толықтыру, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Түзете-дамытушылық бағытында балалардың жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін бекіту, тәрбиелік бағытында оқушыларды алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алуға тәрбиелеу алға қойылды. Ал бұл мақсатқа жету жолында көрнекілік ретінде бағдаршам, жол белгілерінің суреттері, жол ережесіне арналған слайд және видео қолданылды.

«Айналайын абайла,
Жан-жағыңа қарайла.
Жолда жүру ережесін,
Есте сақта қалайда», – деп шара соңында балаларға өлең жолдары оқылып, сөз соңы:
«Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!», – деп аяқталды.
Қанымкүл ВАЛИЕВА,
Білім беру бөлімінің мектепке
дейінгі ұйым әдіскері,
Науырзым ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.