Жолға шықсаң, сайлан!

Выпуск - №4(451)   :   29.01.2021
1328

Амангелді ауданындағы «Жұпар» бөбекжай-бақшасында балғындарға қолдан жасалған автобуспен «саяхаттап», сол арқылы жол белгілерінің қандай рөл атқаратынын ұғындыру мақсатында тәрбиелік сабақ өтті.

Көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізушісі мен жаяу жүргіншіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру, көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілерді үйретуді көздеген шара балаларды ерекше форматта өткізілуімен қызықтырды. Сондай-ақ тәрбиеленушілерді жолда жүру ережесімен таныстыру, оларды есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу көзделді.



Сабақ барысында балалардың жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру де назардан тыс қалмады. Балалар жасанды автобуспен саяхатқа шығып, жол бойында кездескен әртүрлі тапсырмаларды орындады.



Сонымен қатар жолда жүру ережесі туралы ойындар ойнап, жол белгілерімен танысты. Артынша автобустың суретін бастыру әдісі арқылы губкамен сурет салды. Ұйымдастырылған шараның нәтижесінде балғындардың жолда жүру ережесін қандай деңгейде білетіні, жол белгілерін айырып, сол арқылы өмірінің қауіпсіздігін сақтай алатындығы жөнінде ой-пікірлерін білдік.





 

Ұлмекен ХАМИТБЕКОВА,
«Жұпар» б/б тәрбиешісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.