Осыдан тура 17 жыл бұрын, яғни 2004 жылы қазанда Арқалық қаласындағы «Ақбота» балабақшасы балғындарға есігін айқара ашты. Уақыт зымырап, биыл қаламыздың алдыңғы қатарлы мектепке дейінгі мекемесі мерейлі датаны атап өтуде.

Он жеті жыл ішінде балабақша өзі де есейді, түлектерін де есейтті. Бұған осынау жылдар ішінде ұжымның ынтымақты жұмысының арқасында қол жеткізілген жарқын жетістіктері айғақ. Тәрбиенің алтын бесігі саналатын балабақшада өсіп келе жатқан әрбір бала жас шыбық секілді екені рас. Сол себепті әрбір тәрбиеші-педагог оған үлкен жауапкершілікпен қарауы керек деп есептеймін.
Өткен жетіде балабақшамызда «Ақбота балабақшасына 17 жыл» тақырыбында айшықты шара өткізілді. Бүлдіршіндер мекенінің мерейтойына балабақшаның музыка жетекшісі мен кәсіподақ мүшесі және тәрбиешілері белсене ат салысып, мереке мерейін көтерді. Балаларды әр түрлі кейіпкерлердің кейпінде балабақшаның алдында қарсы алып, тәттілерін ұсынды. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік іс-шара өткізді. Балалар болса, оған белсене қатысып, ән айтып, би билеп, көңілді ойындар ойнады. Балаларды құттықтауға балабақшамызда жұмыс істеп кеткен мамандары да арнайы келді. Жалпы балабақшаның туған күніне балалалар өте жақсы ат салысты.
Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы іспетті. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. «Ақбота» балабақшасының ұйытқысы, ізденімпаз, іскер басшы Майра Нұралина және әдіскер Ақгүлім Мырзакеримова балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасап келеді. Балабақшамыздан ұшқан жас түлектеріміз мектепте оқып, білім алуда. Тәуелсіз еліміздің балдырғындарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы біршама жетістіктерге қол жеткізді. Педагогтеріміз үнемі шығармашылық ізденіс жолында.
Ата-аналардың пікірінше, біздің «Ақбота» балабақшасы – балалардың саялы мекені. Келешегі келісті, болашағы бағдарлы еліміз үшін сапалы білім мен саналы тәрбиені бала бойына сіңіру, білім мен тәрбие бере отырып, халқымыздың рухани құндылықтарын, төл өнерін, көркем мәдениетін көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттау – жауапты мәселе. Осы ретте біздің балабақша ұжымы жауапкершілікпен жұмыс істеп, жаңартылған білім бағытында елеулі іс атқарары сөзсіз.
Айсұлу АЮБЕКОВА,
Көркем САРМАНОВА,
«Ақбота б\б музыка жетешісі
мен тәрбиешісі,
Арқалық қаласы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.