Санаулы күндерден соң, нақтылар болсақ, мамыр айының алғашқы жұлдызында еліміздегі ұлтаралық татулықтың негізгі символы саналған айшықты мереке – Қазақстан халқының бірлігі күні тойланады.
Татулық, бірлік, ынтымақ ұғымдары «Қазақстан» атты бір шаңырақтың астында берекелі де мерекелі ғұмыр кешіп жатқан жүзден астам ұлт өкілдеріне жақсы таныс. Дана Абай: «Біріңді қазақ, бірін дос, көрмесең істің бәрі бос», – деп бекер айтпаса керек. Әр істің өнімді шығуы бір мақсатқа жұдырықтай жұмыла кіріскен жандардың шынайы пейіліне тікелей байланысты болса керек.
Мереке жақындаған сайын еліміздегі білім мен тәрбие ошақтарында ұлтаралық татулықты насихаттап, өскелең ұрпақтың санасына толеранттылық құндылықтарын сіңіру мақсатындағы іс-шаралар өткізіледі. Облыс орталығындағы №17 балабақша ұжымы да 2016 жылдан бері осынау игілікті іске үлесін қосып келеді. Сол жылы, қараша айының 1-і күні балғындарға есігін айқара ашқан тағылымды ордада бүгінде 265 бала тәрбиеленуде. Оқыту екі тілде жүргізіледі. Балабақша меңгерушісі Римма Абишеваның айтуынша, тәрбиелеу процесінде баланың тұлғалық қасиеттеріне назар салған маңызды.
– Біздің балабақшамызды көп ұлтты деуге әбден негіз бар. Әр түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің балалары тәрбиеленуде. Қазақ, орыс, неміс, шешен, грузин, армян, тәжік, кәріс, өзбек және басқа да ұлттың балалары бар. Бала болмысының бір ерекшелігі сол: жанындағы жолдасының қандай ұлттан екеніне мән бермейді. Олар үшін ең бастысы, досының қызығушылығы, ортақ ой-пікірі болса керек. Біздің білім мен тәрбие ордасының көздегені де осы. Балабақшамызда барлығы 12 топ болса, соның алтауы қазақ тілінде, алтауы орыс тілінде тәрбиеленуде, – дейді Римма Қайырбекқызы.
Балалақшаның «Айналайын» және «Бұлақ» топтарының балғындары мерекеге орай түрлі ұлт өкілдерінің киімін киіп, іс-шараға дайындалып жатқан сәтінің куәсі болдық. Тәрбиешілер мерекенің, алдымен, балаларға қызықты өтуі үшін барын салуда. «Мерекелік кеш аясында Қазақстан халқы бірлігі күнінің еліміз үшін маңызы түсіндіріліп, бәріміз бір шаңырақ астында тұратынымызды, ешуақытта ұлтқа бөлінбеу керектігін айтамыз», – дейді олар. Өз кезегінде балабақша меңгерушісі ақжарма тілегін жеткізіп, бар әлемге ашық аспан, береке-бірлік тіледі. Бұл сөздердің маңызы қашаннан жоғары.
Жамал ШАУКЕН
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.