Астана – менің мақтанышым

Выпуск - №41(538)   :   21.10.2022
1198

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Біздің мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде, рухани әрі патриоттық тұрғыдан білім алуына барлық жағдай жасалған.

Балабақшада баланың Отаны мен астанасы, мемлекеттік рәміздері жөніндегі түсінігі, қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына қызығушылығын ояту мақсатындағы іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Жуырда қазан айының 25-інде атап өтілетін Республика күнін мерекелеу аясында балғындардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, бойында патриоттық сезімін қалыптастыру, астананың тарихына терең шолу жасау мақсатында мектепалды топтардың тәрбиеленушілері «Астана – менің мақтанышым» тақырыбында елордамыз Астана қаласына виртуалды саяхат жасады.

Балалар астанамыздың басты көрікті жерлері: ҚР Президентінің «Ақорда» резиденциясы, «Бәйтерек» монументі, «Ханшатыр», «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимараттары туралы қызықты ақпараттар алды. Қаланың тарихи, мәдени және көрікті орындарымен танысып, елорда көшелерімен виртуалды экскурсия жасап, тақырыпқа қатысты танымдық бейнематериалдарды тамашалады. Артынша балалармен «Астананың көрікті жерлері» атты викторина ойнатылды. Тәрбиеленушілер астана туралы ән айтып, өлең шумақтарын оқыды. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтты.

Осындай іс-шараларды өткізу арқылы көздеген ең негізгі мақсатымыз – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілдіріп, парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Осы міндеттерді жүзеге асыруда аянбай еңбек етуіміз қажет.


Гүлдана УРКУМБАЕВА,
«Улыбка» балабақшасының
қазақ тілі мұғалімі,
Лисаков қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.