Амангелді ауданындағы «Жұпар» бөбекжайында, Қарттар күніне орай, ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Дәстүрімнің балқаймағы – Әже» атты ақ жаулықты әжелер сайысы ұйымдастырылды.

Әженің тәрбиесі – баланың өмірінде маңызға ие. Сол арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Балабашамызда өткен тағылымға толы сайыстың шарты бойынша, қатысушылар 5 кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы – «Сәлем сөздің анасы» атты таныстыру, екінші – «Өнерлі өрге жүзер»атты өз өнерін көрсету, үшінші – «Шебердің қолы ортақ» қолөнер бұйымдарымен таныстыру, төртінші – «Дәм-думан» атты ұлттық тағам сайысы болса, бесінші – «Сыр-сандық» атты сұрақ-жауап кезеңі.
Сайысқа әжелер белсене қатысып, өнерлерін ортаға салды. Әжелеріміз қолөнер бұйымдарын көрсетіп, өздері әзірлеген ұлттық тағамдарымен таныстырды. Қойылған сұрақтарға да тұшымды жауап беріп отырды. Нәтижесінде «Қарлығаш» тобының әжесі – Мария Тасмағанбетова – III орын, «Айгөлек» тобының әжесі – Мина Баймолда – III орын, «Ертөстік» тобының әжесі – Адемі Асанбаева – II орын, «Балапан» тобының әжесі – Жеңісгүл Нурканова – I орын, «Бүлдіршін» тобының әжесі – Айжан Мағзұмова – I орынды иеленді.
Салтанат АБДИБЕКОВА,
«Жұпар б/б тәрбиешісі,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.