Асыл дәстүрді дәріптеген кеш

Выпуск - №43(691)   :   21.11.2025
494

1

Қазақ халқының мәдениетінде үлкенге құрмет көрсету, ата-әже тәрбиесін бағалау – тәрбие мен өмірлік тәжірибенің бастауы. Осы игі дәстүрді дәріптеу мақсатында қаламыздағы №13 бөбекжайда «Менің әжем – шебер» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Әжелердің даналығы мен шеберлігін көрсету арқылы өскелең ұрпаққа өнеге беру, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрді жаңғырту мақсатындағы сайыс 4 кезеңнен тұрды. «Сәлем – сөздің анасы» атты бірінші бөлімде әрбір әже өзін таныстырып, өмір жолы мен отбасылық тәрбиесі жайлы қысқаша әңгімеледі. Әжелер ұлттық нақыштағы киім киіп, ізетті мінездерімен көрерменге жылы әсер қалдырды. «Сыр сандық» атты екінші кезеңде әжелерге салт-дәстүр, отбасы тәрбиесі және қазақ тұрмысына қатысты сұрақтар қойылды. «Бала – ата-ананың бауыр еті», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Ырыс алды – ынтымақ» мақал-мәтелдері арқылы даналықтары сыналды. Әжелер өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, тәрбиелік мәні зор ойларымен бөлісті.

2


«Немерем менің» деген келесі үшінші кезеңде әжелер сахнада немерелеріне арналған жылы сөздер мен өлең-жырларын айтты. Кейбірі немересіне жазған хаттарын оқып, көрермендердің жүрегін елжіретті. «Немере – әженің көз қуанышы, көңіл гүлі» дегендей, әрбір сөз аналық мейірім мен сүйіспеншілікті көрсетті. Сайыстың қызықты бөлігі – әжелердің қолөнер шеберлігін таныстыру болды. «Өнерлінің қолы алтын» атты соңғы кезеңде қатысушылар ұршық иіріп, қолғап, шұлық тоқып, кілемше мен дорба тігіп, ою-өрнек салып көрсетті. Әрбір бұйым – әжелердің қолының жылуы мен жүрек жылуын жеткізгендей әсер қалдырды.
Іс-шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. Жеңімпаздар «Өнерлі әже», «Шебер қолдар иесі», «Дана әже», «Мейірімді жүрек» сияқты номинациялармен марапатталды. Бөбекжайдың әдіскері Арай Қуанышбайқызы: «Мұндай кештер – әжелердің мерейін өсіріп қана қоймай, өскелең ұрпаққа салт-дәстүрдің қадірін ұғындырудың тамаша жолы», – деп бөлісті. Ақ жаулықты аналардың ақ тілекке толы батасы кештің мәнін арттыра түсіп, көрермендердің жүрегін жылылыққа бөледі. Осылайша, тағылымға толы кеш халқымыздың дәстүрін ұлықтап, ұрпаққа насихаттаудың жарқын үлгісіне айналды.

Асель КОЗБАКОВА,
Жанагул МЫРЗАГАЛИЕВА,
№13 бөбекжайдың тәрбиешілері,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.