Ата-ана мен тәрбиеші үндестігі

Выпуск - №6(554)   :   11.02.2023
1403

Бала тәрбиесінде тәрбиеші мен ата-ананың бірлескен іс-әрекетінің маңызды міндеттерінің бірі – баланың балабақшада жақсы дамуы үшін жағдай жасау. Ата-аналармен ортақ тіл табу және сенімді қарым-қатынас орнату.

Қазіргі уақытта білім беру мекемесінің өмірі мен дамуы ата-аналардың білім беру процесінде толыққанды, белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Бір ортақ мақсатты анықтап, оған ортақ күш-жігермен жетуге тырысу – ата-ана мен балашақша арасында орнатылатын байланыстың негізгі көздегендерінің бірі. Мектепке дейінгі білім беруді дамытудағы қазіргі тенденциялар маңызды критериймен біріктірілген. Оның сапасы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігі мен ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейіне тікелей байланысты. Бірлескен қызмет – бұл тәрбиеші мен ата-ананың өзара іс-қимылға, түсіністікке, сыйластыққа, сенімге және тануға негізделген белсенді бірлескен жұмысы. Тек ата-ананың, тәрбиешінің және баланың берік ынтымақтастығы оқыту мен тәрбиелеуде оң нәтижеге жетелейді.

Ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ынтымақтастық – өзара қарым-қатынасты, тәжірибе алмасуды қажет етеді. Осы мақсатта біздің №5 бөбекжайда «Көңілді эстафета» атты спорттық интеллектуалды ата-аналар сайысы өткізілді. Іс-шараға «Айгөлек» және «Бәйшешек» тобының ата-аналары қатысты. Сайыс алдында ата-аналармен көңілді тренингтер, шаттық шеңбері өткізілді. Жеті кезеңнен тұрған сайыстың әр кезеңінде ата-аналар түрлі логикалық тапсырмалар мен топтық ойындар кезінде өздерінің ұйымшылдығын, тапқырлығын көрсетті. «Жарыс бар жерде: жеңіс те, жеңіліс те бар» демекші, сайыс жеңімпазы анықталып, «Айгөлек» тобы жүлдері 1-орынға ие болды.

Осылайша ата-аналарымыз өзінің үлгісінде «Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы» екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.


Дамира ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
№5 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.