Ата-ана ұстанымының бала дамуына әсері

Выпуск - №45(340)   :   16.11.2018
681

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл – балаланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгерумен, алғаш рет бөтен ортаға бейімделумен сипатталатын кезең.

Бала тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады. Демек, бүлдіршіннің келешекте қандай адам болуы – ең алдымен, жанұяда алған тәрбиеге, ондағы қалыптасқан қарым-қатынасқа байланысты. Сондықтан, бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білу ата-ана үшін қажетті шарт.

Әр бала үшін ата-анасынан артық ешкім жоқ. Әсіресе, сәби шақта ата-ананың бала алдындағы беделі ерекше. Себебі, балалық шақта ата-анамен қарым-қатынаста психологиялық қорғаныс жасауға баланың мүмкіндігі жоқ. Ол естігенін, көргенін бұлжытпай қабылдап, бойға сіңіреді.

Ал енді күнделікті өмірде балаларымызбен қарым-қатынаста қолданатын сөздерімізді еске түсіріп көрейік: қалай мадақтаймыз, қалай еркелетіп, қалай ескерту жасаймыз, ренжіткенде, айтқанымызды орындата алмағанда не айтамыз? Ойланып қарасақ, біздің өміріміздегі жақсылық, кемшіліктерімізге ішкі бағыт-бағдар көп жағдайда ата-анамыздан беріледі. Сондықтан, құрметті ата-аналар, бала тәрбиелеудегі өзіміздің сөз саптауымыз бен үлгі-өнегенің балаға қаншалықты әсер беретінін әрқашан есте ұстағанымыз жөн.

Баланың әр қадамына бақылау жасап, мінез-құлық, қылықтарына үнемі баға беру оның өмірін түнекке айналдырумен бірдей. Балаңыздың әр қылығына түсіністікпен қарап, өзін бағалауға, қателіктерінен қорытынды шығаруға үйреткен жөн.

Өркениетке ұмтылған елдің болашағы – тәрбиешілер мен ата-анаға сөз өнерін жеткілікті меңгеруді жүктейді. 

Роза БОХАЙ,
«Гулдер» бөбекжай-бақшасы 
тәрбиешісі,
Затобол кенті

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.