Ата Заң – елдің айбары

Выпуск - №31-32(679-680)   :   29.08.2025
231

1

ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің ең басты заңы. Ол 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Содан бері бұл күн – бүкіл халық болып атап өтетін мемлекеттік мереке. Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр.

Осы айтулы датаға орай бөбекжайымызда «Ата Заң – елдің айбары» атты қызықты әрі танымды мерекелік бағдарлама квест элементтерімен өткізілді. Іс-шара барысында балалар салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, топтарға бөлініп, «Медициналық» және «ИнженерикУм» кабинеттеріне барды. Сол жерде Ата Заңда белгіленген денсаулық сақтау және білім алу құқықтарымен танысты. Әр бекетте сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, түрлі тапсырмаларды орындады. Осылайша бүлдіршіндер тек білім алып қана қоймай, ұйымшылдыққа, жылдам ойлауға және достыққа үйренді.

2


Мерекелік іс-шараға балабақша бүлдіршіндерімен бірге тәрбиешілер, музыкалық жетекшілер және дене шынықтыру нұсқаушысы қатысып, туған жер, Ата Заң, достық, татулық туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, денсаулыққа байланысты қызықты ойындар ойнап, іс-шараның қызықты өтуіне үлестерін қосты. Бұл балаларды өз құқығын және өзгелердің құқығын құрметтеуге баулиды. Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі. Сондықтан әр қазақстандық Конституцияға құрметпен қарап, оның қағидаларын өмірде ұстануы тиіс.

Акбота ОСПАНОВА,
Дина БЕРДИБЕКОВА,
№54 балабақшаның
қазақ тілі мұғалімдері,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.