Ата Заңды құрмет етер ұрпақ

Выпуск - №35 (431)    :   04.09.2020
302

Тамыз айының 30-ы – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Осы мемлекеттік мерекеге орай №6 бөбекжай-бақшасында мақала тақырыбымен аттас топтар ішінде түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған іс-шараның көздеген мақсаты: балғындарға елі мен туған жері туралы ақпарат бере отырып, мемлекетті сүйе білу, патриот азамат болып өсуіне ықпал ету, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Мерекеге барлық топтар ат салысты. Олар мерекеге сай арнайы атрибуттарды тағып, мемлекеттік әнұранды шырқады. Артынша Отан, Қазақстан, туған жер, рәміздер, бірлік жайындағы тақпақтарын оқыды. Тәрбиешілердің басшылығымен интеллектуалды әрі ұлттық нақыштағы ойындар ұйымдастырылды.



Кіші топ бүлдіршіндері топтық жұмыс істеп, мемлекеттік туымызды бояу, аппликация, ермексаз, желімдеу арқылы үлкен қағаз бетіне бейнеледі. Ересек топтар арасында балалардың туған жер жайында білімін жетілдіру негізінде тәрбие сағаттары өткізілді. Балалармен «Біздің Отанымыз – Қазақстан!», «Отан неден басталады?», «Что мы Родиной зовем?», «Менің құқықтарым мен міндеттерім» сынды тақырыптардың төңірегінде әңгіме жүргізілді. Тәрбиешілер дайындаған материалдар заман талабына сай бейнежазбалармен, «Inshot», «PowerPoint» бағдарламаларына салынып, балалардың назарына ұсынылды.
Сондай-ақ балаларға еліміздің жер көлемі, халқы, пайдалы қазбалары, әр азаматтың құқығы туралы мәлімет берілді. Шара соңында елге арнау, туған жерге тағзым ету мақсатында өлең, тақпақтар орындалып, бейбіт еліміздің көгіне балалардың армандары жазылған шарлар аспанға жіберілді. Қонституция күніне орай ұйымдастырылған мереке тәрбиеленушілердің бойында елін сүйетін, жеріне қамқор болатын, Ата Заңымызға бағынып, болашақта патриот азамат, саналы ұрпақ болып өсетін ізгі жолдың бастамасы бола білді деп сенемін.

Т.Жунусова,
№6 бөбекжай-бақшасы
қазақ тілі пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.