«Әжелер мектебі» – тәрбие негізі

Выпуск - №30-31(627-628)   :   16.08.2024
1647

image

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, бала тәрбиесі – қоғамымыздың ең басты да өзекті мәселесі. Дені сау бала тәрбиелеу, тәрбиелі ұл-қыз өсіру, берік отбасын құру – қоғамымыздың өміршеңдігінің, тұрақтылығының кепілі.

Яғни, бөбекжайдың берік іргетасын қалаумен тең. Сондықтан, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі жоғары. Ол жауапкершілік отбасымен бірге саналы тәрбие мен сапалы білім беретін бөбекжайға да ортақ. Осы мақсатта Қостанай қаласындағы №61 бөбекжайда «Әжелер мектебі» жұмысын бастады. Білім ошағымен бірлесе отырып, тәрбиеленуші жастарымызға ұлттық тәлім-тәрбие беруді көздейтін іс-шаралар кешені, әжелеріміздің жұмысы алдын ала бекітілген жоспарға сай жүреді.

Әжелер мектебінің алғашқы отырысы тәрбиеші А.Сыздыкованың ұйымдастыруымен «Әжелер – отбасының берекесі» тақырыбында дөңгелек үстел форматында өтті. Ал, педагог-психологымыз К.Дусмагамбетова «Шынайы қарым-қатынас нәтижеге бастайды» тренингін өткізді. Әжелермен бірге «Ұлттық құндылықтарды ата» ойыны ұйымдастырылып, ұлттық тәрбиеге байланысты ой қозғалды. Иә, үлкеннің өнегесін көріп өскен баладан жамандық шықпайтыны рас.

Алғашқы отырыс аясында қонаққа келген асыл әжелеріміз тәтті шәйларын ішіп, сыр бөлісіп, Қарақат Әбілдинаның «Асыл әжем» өлеңін шырқап, көтеріңкі көңіл-күймен келесі кездесуге дейін тарқасты. Үлкеннен өнеге алған бүлдіршіндеріміз болашақта елінің нағыз жанашырлары болады деп сенеміз.

Назым АЛПЫСБАЕВА,
№61 бөбекжайдың әдіскері,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.