Байқаудағы жеңіс – еңбектің нәтижесі

Выпуск - №47(695)   :   19.12.2025
629

Байқаудағы жеңіс еңбектің нәтижесі (1)

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлерінің ұйымшылдығы мен шығармашылық әлеуетін көрсетуге бағытталған «Менің бастауыш кәсіподақ ұйымым» атты онлайн бейневизитка байқауы өтті.

Бұл байқау жұмыс ұжымдарының бірлігін, ұйым қызметін кеңінен таныстыру, кәсіподақтың рөлін арттыру, қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар кәсіподақ ұйымы мүшелерінің ынтымақтастығын нығайтып қана қоймай, әрбір қызметкердің кәсібіне деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді. Байқау барысында қатысушылар ұжымдарының жұмысын, жетістіктерін, ұжымдық мәдениетін бейнеролик арқылы таныстырды. Әрине, бұл – ұйым ішіндегі қарым-қатынасты нығайтудың, креативті ойлауды дамытудың тиімді жолы. Сондай-ақ байқау кәсіподақ қызметінің ашықтығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсететін маңызды құралға айналды.

Байқаудағы жеңіс еңбектің нәтижесі (2)


Оған Арқалық қаласы білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК-нің бастауыш кәсіподақ ұйымы белсенді түрде қатысып, ұжымдық ұйымшылдық пен шығармашылық әлеуетпен қоса кәсіподақпен бірлескен жұмыстың жүйелі әрі нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетті. Ұжым мүшелері кәсіби шеберлігін, ұйымның даму бағыттарын және атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты қамтып, бейнероликті жоғары деңгейде дайындады. Бейнематериалда бөбекжайдың мақсаттары, бала тәрбиесіндегі жаңашыл бағыттар, ұжымның мәдени өмірі мен кәсіподақтың қолдауы айқан көрініс тапты. Нәтижесінде жұмыс қазылар алқасының оң бағасына ие болып, байқауда II орынға лайық деп танылды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен ақшалай сыйақы табысталды.
Ұжымның жеңісі – шығармашылық еңбектің ғана емес, ұйымшылдықтың, табандылық пен бірлескен жұмыстың нәтижесі. Бөбекжай қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауы арқылы мәдени, спорттық және әлеуметтік іс-шараларға асқан белсенділікпен қатысып, кәсіби даму мен ұжымдық рухты нығайтуға ерекше мән беріп келеді. Кәсіподақ ұйымының басты мақсаты – қызметкерлердің құқықтары мен әлеуметтік жағдайын қорғау, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау. Ал «Ақбота» бөбекжайының бастауыш кәсіподақ ұйымы бұл міндеттерді сапалы жүзеге асырып келе жатқанын аталған байқау тағы бір мәрте дәлелдеді. Жеңімпаздарды шын жүоектен құттықтай отырып, келешекте де кәсіби биіктерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз.

Коркем САРМАНОВА,
«Ақбота» бөбекжайы
бастауыш кәсіподақ
ұйымының төрайымы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.