
Бақытты өмір сүрудің кілті неде? Әрине дұрыс тәрбие, татулық, ұйымшылдық және мейірімділік пен жылылықта. Дәл жоғарыдағыдай атаумен мектебімізде ата-аналармен тренинг өткізілді.
Оны өткізудегі мектеп психологтарының негізгі мақсаты – ата-аналардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау. Бала дегеніміз – болашақ. Оларды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы ұрпағымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Егеменді еліміздің ертеңгі келешегі бүгінгі жас ұрпақ. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін мектеп болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп, бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға тырысқан жөн. Бала бақытының кепілі – ата-ананың өнегелі тәрбиесінде. Ал тәрбиеші мен ата-ананың психологиялық үйлесімділігі бақытты өмірге апарар ізгі жол.
Қызғалдақ ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ,
Жангелдин ОМ психологы
Аралбай ауылы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!