Еліміздің нағыз азаматын тәрбиелеп өсірудің негізі қаланатын тұңғыш орда – балабақша. Ол – баланың екінші үйі, барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады.
Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту әрбір тәрбиеші, ұстаздың басты мақсаттарының бірі болуы тиіс. Балабақша – келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Сондай талаптарға сай қаламыздағы үздік балабақшалардың бірі – 8-інші шағын ауданы, 18а көшесінде орналасқан №8 бөбекжай балабақшасы.
Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше, мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу.
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Осындай талаптардың үдесінен шығып жүрген балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің тынымсыз, адал еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен, біліктілігі мен білімдерінің арқасы. Бүгінде бөбекжайда 12 топ жұмыс істеп, онда 290 бүлдіршін тәрбиеленуде. 12 топтың 2-еуі кіші топ, 4 ортаңғы топ, 3 ересек топ, 3 мектепалды даярлық тобы. Оның ішінде 3 топ мемлекеттің тілде жүргізілсе, қалған 9 топқа орыс тілінде білім беріледі.
Қазіргі таңда тәрбиеленеушілерімізге аянбай еңбек етіп, білім беріп келе жатқан педагогтер саны – 33, қызметкерлер – 33, жалпы бүгінгі таңда бөбекжай ұйымшыл командасы 66 адамды құрайды. Балабақшамызды өте мейірімді, сезімтал, бірақ сонымен бірге талапшыл басшы Тусова Айгүл Аманжолқызы басқарады. Айгүл Аманжолқызы балабақшаның өркендеуіне, дамуына көп үлес қосып, басқарып келеді, әр қызметкермен тіл табыса алады, қиын жағдайларда көмегін де аямайды. Сондықтан ұжымда абырой мен құрметке ие жан. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне аянбай қызмет етуде. «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік», – деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін үнемі шығармашылық ізденіс жолында өткізеді.
Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибесінде қолданып көруден балабақша тәрбиешілері жалыққан емес. Балабақша педагогтері өз тәжірибелерімен әркез бөлісіп отырады, мысалы сәуір айында өткен «педагогтер идеясы» аукционы өтті. Онда барлық балабақша тәрбиешілерімен педагогтер өз қолдарымен жасаған балаларға арналған көрнекіліктерін көрсетті.
№8 бөбекжай-балабақшасы бүгінде тұрақты, табысты және заманауи үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан мектепке дейінгі мекеме. Ұжым уақытпен қатар жүреді, оқиды және кәсіби түрде өседі. Балабақша – бұл ерекше атмосферасы бар, балалардың күлкісіне, ынта-жігеріне, таңданысына толы сиқырлы ел. Бала үшін Балалық шақтың осы керемет әлемінде болу алғашқы ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің ұмытылмас сәттері. Мұндай жерде кез келген адам жұмыс істей алмайды, тек мейірімді және ашық жанды, қамқор және сүйіспеншілікке толы жүрегі бар, барлық балаларды бірдей жақсы көре алатын және мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі әрбір сәттің құндылығы мен маңыздылығын түсінетін адамдар ғана қызмет жасайды.
Бөбекжайда қосымша білім беру үшін жағдайлары да жасалған: педагог-психолог кабинеті, логопункт, кішкентай зерттеуші зертханасы, қазақ тілін оқыту кабинеттері жоғары талғаммен безендірілген. Әр түрлі жастағы балаларға арналған конструкторлар жинақтарымен, оның ішінде Логоритмика бойынша жиынтықтармен Робот тінтуір, Робот Ботли, бағдарламаланатын codingcritters роботы бар жиынтықпен, Smart электрондық роботы, UARO 4 бағдарламалық кодтары бар бағдарламаланатын конструктор леготека кабинеті ашылды. Бөбекжайымызда ата-аналармен жұмыстар жақсы қолға алынған.
Ата-аналар қоғамының мектепке дейінгі ұйымға достық қарым-қатынасына қол жеткізу үшін балабақша сайты тұрақты түрде жұмыс істейді sadik8.edu.kz, МДҰ туралы жаңалықтар мен ақпарат ұсынылатын беттерде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу әдістемесінің даму заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы консультациялар орналастырылады, бейне және фото материалдармен алмасу жүреді, директор блогы жұмыс істейді. Сондай-ақ педагогтер ВК, facebook, Одноклассники, Instagram әлеуметтік желілер беттерінде біздің ұйым қызметінің «философиясын» белсенді түрде насихаттайды.
Бөбекжай тәрбиеленушілердің ата-аналары, өткізілетін іс-шараларға да белсене атсалысады. Мектепке дейінгі ұйымның, педагогикалық ұжымның марапаттары және өзге де жетістіктері аз емес, бөбекжай тәрбиешілері мен педагогтары республикалық, қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Жоғары көрсеткіш деңгейлері айтарлықтай. Сонымен қатар бүлдіршіндерімізде көптеген сайыс, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Мысалы: 18 наурыз «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесіне орай өткізілген қалалық «Ханталапай» ұлттық ойын сайысынан бөбекжай бүлдіршіндері 1-орынды қанжығасына байлап келді. Әрине, ол үйірме жетекшілері Татьяна Викторовна мен Елена Ивановнаның үйретуімен.
Халық даналығында «Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» демекші, ұлт болашағын тәрбиелеу жолында талмай еңбек етіп жүрген ұжым басшылығы мен тәрбиешілердің арқасы. №8 бөбекжайдың ұйытқысы, ізденпаз, іскер басшы Айгүл Аманжоловна бүлдіршіндердің жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда.
Гүлшат ҚАЛҚАЕВА,
№8 бөбежай-бақшасының
қазақ тілі мұғалімі,
Қостанай каласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.