Балалар Елбасымен танысты

Выпуск - №47 (443)   :   27.11.2020
480

Желтоқсанның 1-і қазақстандықтар үшін маңызды мейрам – Тұңғыш Президент күні. Осы датаға орай мектепалды даярлық топ балаларына ауызша журнал өткізу аясында Нұрсұлтан Әбішұлы өмірінің қызықты сәттерін жеткізуге тырыстым.

Ол деректерді Елбасымыздың «Оңсыз және солсыз» кітабынан алдым. Балалар Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы, ата-бабаларының шопан болғаны туралы әңгімені зер салып тыңдады.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы шілденің 6-сында Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылының маңындағы Іле Алатауының Үшқоңыр бөктерінде дүниеге келген. Салмағы батырдың салмағындай – бес келі болыпты. Туған күні жазғы уақытта болса да, таудың шыңында қар, бөктерінде жаңбыр жауыпты. Қазақтар бұл құбылысты «Нұр жауды» деп, аспанның құдыретіне балаған.

Елбасымыздың есімін таңдаудың өзі бір қызық оқиға болған екен. Назарбаевтар әулеті тұңғышы туды деп жайлауда үлкен той жасапты. Қонақтар сәбиге әр түрлі есімдер таңдап берген. Ақыр соңында Мырзабала әжесі «Нұрсұлтан» деп өзі ат берген екен. Ол құраннан екі есімді таңдап, біріктірген. «Нұр» араб тілінен аударғанда – «сәуле», «шуақ», ал «Сұлтан» – «билеуші» деген мағынаны білдіреді. Отбасында оны қысқаша «Сұлтан» деп атаған екен.
Тәрбиелік жиын барысында балалардан «Дүкенге нан сатып алуға барасындар ма?» деп сұрадым, көбісін ата-аналары жібермейді екен. Ал бала Нұрсұлтан үйдің үлкені болғасын, таң атысымен ата-анасы оятып, сағат алтыларға көрші жұмыс ауылдағы дүкенге үлгеру үшін есекті жегіп нанға барады. Үлкен кезекте тұрып, түсте ғана нанға жететін көрінеді. Балаларды Назарбаевтар отбасында бір отбасын асырайтын бір сиыр болғаны таңғалдырды. Сүтті пісіріп, оны талқанмен араластыратын. Ең дәмді ас болмаса да, құнарлы тамақ.

Елбасы кітабында: «Қант, шәй, шелпек таптырмас тағам болып есептелген, бірақ анамның көмегімен тез жинауға үйренген жидектер мен жемістер мол болған. Жаз басталысымен алмалар, қияр мен қызанақтар көмектесетін», – деп естеліктерімен бөліседі. Біздің Тұңғыш Президентіміздің естеліктері, білуге болар қызықты оқиғалары аз емес. Алдағы уақытта балалармен ұйымдастырылатын кездесулерде әлі талай қызықпен, жаңалықпен танысамыз.

 

Гүлдана УРКУМБАЕВА,
Улыбка» б\б қазақ
тілі мұғалімі,
Лисаков қаласы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.