Балаларға берілген патриоттық тәрбие

Выпуск - №14(511)   :   09.04.2022
545

Патриоттизм түсінігі көп қырлы. Ол отбасына, туған өлкеге деген сүйіспеншілік, халқына деген құрмет сезімдерімен үндес. Мектепке дейінгі жас – жеке тұлғаның адамгершілік, патриоттық сезімдерінің негізі қаланатын кезең.

Баланың санасында басты құндылықтарды қалыптастыратын шақ – мектепке дейінгі уақыт болғандықтан, сол кезде балаларды адами қасиеттер мен патриоттық сезімге тәрбиелеу – мектепке дейінгі мекеменің негізгі міндетерінің бірі саналады. Сабақ барысында, режимдік сәттерде, серуендеу уақытында біз балалардың бойында өз отбасын сүю, үлкенге құрмет көрсету сезімдерін сіңірумен қатар әр адамның еңбегіне құрметпен қарап, қадірлеуге тәрбиелейміз.

Патриоттық сезімді қалыптастырудың бірден-бір жолы – еліңнің тарихы, салт-дәстүрлерімен таныстыру деп есептеймін. Бұл жолда балабақшамыздың тәрбиеленушілерін халқымыздың дәстүрлерімен таныстырамыз. Мерекелерде әр түрлі салт-жораларды көрсетеміз, балалар ұлттық ойындар ойнайды, түрлі тілдерде тақпақ айтып, ән шырқайды. Ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыру мақсатында мектепалды дайындық және ересек топтардың балалары әнұран айтып қана қоймай, оның мәні мен мағынасына қанық болады.

Әрбір халықтың өз ертегілері бар. Олардың әрқайсысы балаларды жақсылыққа, достыққа, мейірімділікке, өзара көмек көрсетуге үйретеді. Мектепалды дайындық тобының балаларымен біз «Мейірімділік күші» ертегісін дайындап көрсеттік. Сондай-ақ «Менің Қазақстаным», «Жақсылық жаса» тақырыбында суреттер мен қолөнер көрмесін ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналды, онда балалар ата-аналарымен бірге байқауға қатысты. Мұндай іс-шалалар балада патриоттық сезімді ғана емес, сонымен қатар оның ата-аналарымен, тәрбиешілермен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасын қалыптастырады.


Рауза ӘЛІМБАЕВА,
«Мұрагер» б/б
қазақ тілі мұғалімі,
Лисаковск қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!