Берекелі, мерекелі алтын күз

Выпуск - №43 (490)   :   05.11.2021
837

Табиғаттың жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілімен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен, өз ерекшелігімен таңғалдырады. Соның ішінде айналаға сары алтындай сән берген, ғажайып көрінісімен табиғаттың сұлулығын бейнелейтін ерекше мезгіл – Алтын күз.


 

Қостанай қаласындағы №6 бөбекжай-балабақшасының екінші кіші «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілерімен «Берекелі Алтын күз» атты ертеңгілік өткен болатын. Ертеңгілік күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыра отырып, балаларды күз өнімдерімен таныстырып, олардың адам өміріне деген пайдасын түсіндіруді көздеді. Елімізде болып жатқан індетке байланысты, ата-аналар балаларының алғашқы мерекелік ертеңгіліктеріне қатыса алмағаны өкінішті. Дегенмен балабақша қызметкерлері белсенді ат салысып, мерекелік көңіл-күй орнатып, балаларды ән салуға, би билеуге, бейімділіктерін арттырды.

Балалардың көңіл-күйі көтеріңкі болып, ертеңгілікті құрландыра түсті. «Оқыту – тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады», – деп Константин Ушинский айтқандай, тәрбиеленушілеріме саналы тәрбие беріп, екінші кіші топ болса да, балабақша қабырғасынан сусындатып алып жатқан білімдері зая кетпейді деген сенімдемін.


Жанна ОТЕУОВА,
№6 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар қысқы ұйқыға кетеді. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Сол себепті де бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтамыз. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялатыны белгілі. Күздің сұлулығына көзің тоймайды.

Табиғаттың әсемдігін бүлдіршіндерімізге жеткізу. Балаларға «Алтын күз, әсем айналам» атты ертеңгілік өтті. Балалар күз мезгілінің өзгерістерін өлең шумақтарымен жеткізді. Әсем де сұлу қыздарымыз «Жапырақ» биін, ұлдар «Жемістер» биін биледі. Балалар «Бұл ненің дәмі?», «Кім жылдам?» атты ойындарды қызыға ойнады. Балалар өздері жасаған мүсіндерін көрсетті.


Ұлмекен ХАМИТБЕКОВА,
«Жұпар» б/б тәрбиешісі,
Амангелді ауданы

Тіршілік атаулының алтын бесігі табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі мен өзіне тән мерекелері бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше. Күз молшылық пен береке әкелетін мезгіл. Сол себепті «Балдырған» бөбекжай-бақшасында «Көгершін» ересек тобында «Берекелі күз, мерекелі күз» атты қолөнер көрмесі мен ертеңгілігі ұйымдастырылды. Көрмеде түрлі жемістер мен көгөністерден жасалған керемет дүниелер қойылды.
Көрме балаларға күз мезгілінде болатын табиғат ерекшеліктерін сезіндіру, күз молшылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Күзгі ертеңгілік мерекесінде балалар жемістер мен көгөністер жайлы тақпақтарын айтып, өз өнерлерін көрсетіп ән салып, би билеп, ойын ойнатылып, берекелі күз, мерекелі күз түсінігін кеңінен түсіне білді. Сол себепті балабақшада ертенгіліктер мен тәрбие жұмыстары өткізіліп тұрады.


Баян ЕДРИСОВА
«Балдырған» б/б
педагог-тәрбиешісі,
Науырзым ауданы

Жыл мезгілдерінің ішінде күздің алар орыны зор. Қамбаға бидайымыз толып, жеміс-жидек, көгөністердің пісер уақыты. Әсіресе ауыл тұрғындарының күзгі қарбалас сәттері осы кезең. «Жұпар» балабақшасының «Балапан» тобында «Алтын күз» атты мерекелік іс-шара өтті. Ертеңгіліктің мақсаты – бүлдіршіндерді жыл мезгілімен таныстыру, жеміс-жидек, көгөністердің түрлері мен пайдасына тоқтала кету. Мерекеге Күз ханшайымы қонаққа келіп, өзінің тапсырмаларын балаларға жасырды. Бұл тапсырмаларға балалар мүдірмей жауап берді. Бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Балалардың жемістен жасалған киімдері көздің жауын алып, іс-шараның көркін одан сайын жандандыра түскендей.


Кенжегүл СЕМБИНА,
«Жұпар» б/б тәрбиешісі,
Амангелді ауданы

Абай атамыз күз мезгілін «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, күз болып дымқыл тұман жерді басқан», – деп өлең жолдарымен сипаттаған. Иә, күз молшылықтың, берекенің мезгілі болса да, сары жапырақ қоңыр салқын, ауа райы қара суық күзге тән ерекше белгілер. Берекелі күз мезгілінің келуіне байланысты балабақшамызда жылдағы дәстүр бойынша «Қош келдің, жомарт күз!» атты ертеңгілік өтті. Мақсаты – балалардың күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге, күз өнімдерін бағалай білуге, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын жетілдіру, іскерлік дағдыларын дамыту.

Мерекеге әр топ бүлдіршіндері ерекше ынтаменмен, көтеріңкі көңіл-күймен қатысты. «Қызғалдақ», «Алтын сақа», «Ақтиін» топтары тамаша әндер мен керемет билерін көрсетіп, жырдан шашу шашса, «Балапан», «Құралай» тобының бүлдіршіндері «Алтын күз-2021» тақырыбында сән үлгісін көрсетті. Сонымен қатар балалар ата-аналарымен бірігіп жасаған күз өнімдерінен түрлі бейнелер, табиғи материалдардан жасаған шебер қолдар жұмыстары, дәруменге толы жеміс-жидектерден, ұн өнімдерінен жасалған ас мәзірлері қөрмеге қойылды.

Күзгі молшылықтың, берекенің нышанын білдіретін көрменің ұйымдастырылуына ат салысқан ата-аналар мен топ тәрбиешілерінің ынтымақтастығын, ауызбіршілігін көруге болады. «Ақбота» ұжымы балаларына, немерелеріне қолдау көрсетіп, олардың тұлға болып жетілуіне ат салысып жүрген әрбір ата-анаға шексіз алғыс білдіреді.


Қарлығаш ҚАЙРАЛАПОВА,
«Ақбота» б/б тәрбиешісі,
Арқалық қаласы

Төрт мезгілдің әрқайсысының өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп те үлгереді. Осы төрт мезгілдің ішіндегі күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. «Жұпар» балабақшасындағы «Қарлығаш» тобында «Берекелі алтын күз!» атты алтын күзбен қоштасу ертеңгілігі өткізілді.

Ертеңгіліктің мақсаты – балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату және табиғатты аялауға, қоршаған ортаны сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу. Балалар күзбен қоштасу ертеңгілігіне арнап, жаттаған тақпақтарын айтты. Ұлдар көгөністер мен жемістер, қыздар жапырақ киімін киіп, жапырақтар биін биледі. Жұмбақтар шешіп, ойындар ойнап, мәре-сәре болды. Балалар іс-шараға белсене ат салысты.


Назгүл АМИРҒАЗЫ,
«Жұпар» б/б тәрбиешісі,
Амангелді ауданы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.