Әрбір халықтың тағдырына табиғатпен тартылған сыйы: біріншісі – жері, екіншісі – тілі. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің түп тамыры, қатынас құралы. Демек тілдің, сөздің орны ерекше екені бесенеден белгілі.

Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Ол – халқымыздың өткен ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас бірлік жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Мұны Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзімен айтар болсақ, өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл – аз уақыттың аясында тындырып тастайтын іс емес. Бұл мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іс екені мәлім.
Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Тіл туралы» Заңының негізінде, сондай-ақ ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», – деп көрсетуінде үлкен мән бар.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «2020 жылға қарай қазақ тілім меңгерген қазақстандықтардың үлесі кемінде 95 пайызды құрауы тиіс», – деп ашып айтып, осы жолда еліміздің мемлекеттік тілін одан әрі дамытуға барша күш-жігерімізді жұмсауымыз керектігін азаматтық борыш ретінде жүктеген-тін. Нұрсұлтан Әбішұлының аталған нұсқауларын жүзеге асыруда, мемлекеттік тілдің өз орнына нық отыруы үшін бірқатар жайттарды басшылыққа алсақ игі.
Оның қатарында қазақша ойлауды жетілдіру, баланың санасын ояту, өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейту үшін, олардың қызығушылығындағы әлемдік әдеби шығармаларды мемлекеттік тілге сапалы етіп аудару, қазақша сайттар санын көбейту және т. б. жолдармен мемлекеттік тілге қызығушылықты арттырып, сол тілдегі ұшқыр ойлардың егесі болуға жетелеу қажеттілігі басым.
Бұл күндері Тәуелсіз Қазақстанда, құқықтық мемлекетте өмір сүрудеміз. Кең байтақ жеріміз, мемлекеттік тіл статусына ие ана тіліміз бар. Бұл – ел ынтымағы пен бірлігінің үлкен жемісі. Ендеше, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген халқымыздың даналық сөзін жадымыздан шығармайық.
Орынтай ТЛЕУБАЕВА,
Эльмира ҚАМЗАҒАЛИ,
№7 балабақша
қазақ тілі мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.