
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», – деген сөздерін ұстана отырып, бала-бақша жасындағы балаларға халқымыздың бай тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ер жүрек батырлардың ерлігін, жүректеріне мейірімділік пен имандылықты, ізгілік пен адамгершілікті жеткізе алсақ еліміздің болашағына үлкен үлес қосқанымыз деп білеміз.
Бүгінгі бейбіт өмірге қалай жеткенімізді, оның ішінде жеткізген батыр ата-бабаларымыз туралы біліп жүргені абзал. Қазақ халқының тарихында талай тауқымет өтті. Соның бірі Ұлы Отан соғысы, бұл Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Осы орайда, Қостанай қаласының № 3 бала-бақшасының «Жидек» тобының балалары, Жеңіс паркінде орналасқан ашық аспан астындағы соғыс жылдарындағы техниканың мұражайына барып, Қостанай жерінен соғысқа аттанып, қаза болған ата-бабалырымыздың есімдері жазылған тақтаның алдына барып тағзым етті. Тәрбиешілер балаларға әрбір техниканың соғыста атқарған рөлі туралы, жауынгерлер қалай шайқасқандары жайында әңгімелеп берді. Бүлдіршіндерге сөзбен ғана айтылмай, көзімен көрген танктар мен пушкалар, атақты «Катюша» зеңбірегі ерекше әсер берді. Осы экскурсия әр балаға ой салып, бейбітшілік туралы жалпы түсінік берді. Бұл күн олардың көңілдерінде ерекше орын алып, есінде қалары сөзсіз.
Еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын. Балалардың балалық шағы жарқын болсын дегім келеді.


Айнур АНТЕЕВА,
№ 3 бала-бақшасы «Жидек» тобы
ата-ана,
Қостанай қаласы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.