Гүлдене бер, Қазақстаным!

Выпуск - №49(445)   :   12.12.2020
537

Тәуелсіз Қазақстан жылдан-жылға дамып, әлемге өзінің бейбіт екенін паш етіп келеді. «Тәрбие талбесіктен» деген халық нақылын негізге ала отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды тарихымыздан хабардар етіп отыруға тырысамыз.

Біздің «Улыбка» бөбекжай-балабақшасында Тәуелсіздік күні қарсаңында да бұл мақсат назардан тысқары қалмады. Арнайы ұйымдастырылған ауызша журналы аясында, мектепке дейінгі мектепалды даярлық тобының балаларына алдағы мереке – Қазақстанның Тәуелсіздік күні туралы айтып бердім. Ыстық деммен балалар бұрынғы заманда қазақ халқын Абылай хан, Әбілқайыр хан, Тәуке ханның басқарғаны туралы тарихи оқиғаларды тыңдады. Артынша оларға мемлекеттік істерді жүргізуге Төле би, Әйтеке би, Қазбек бидің көмектескенін де тілге тиек еттім.
Қазақ халқы өзінің ежелгі төл мәдениетімен, әдет-ғұрып пен дәстүрге адалдығымен және қонақжайлылығымен ерекшеленеді. «Қонақ келсе, құт келер» деп қазақ мақалында тегін айтылмаса керек. Дәстүр бойынша халқымыз кез келген қонақты жылы шараймен қарсы алып, төрге отырғызып, бар дәмдісін алдына тосқан. Нан ауыз тимегенше үйінен шығармаған. Дәстүріміздің бұл тұстарын да балғындарға әңгімелеп беруді жөн көрдім.
Шағын шара барысында балалар Қазақстан Ресбубликасының Президенті, астанасы, рәміздері туралы білімдерімен бөлісті. Отан туралы тақпақтар айтып, білетін өлеңдерін шырқады. Фотосуреттерге қарап, отбасылық дәстүрлер туралы әңгімеледі. Бұндай тәрбиелік жиындардың бала санасының толысуына және патриоттық сезімінің қалыптасуына үлесі зор.

Гүлдана УРКУМБАЕВА,
«Улыбка» б\б
қазақ тілі мұғалімі,
Лисаков қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.